Ақпарат

ОРДАБАСЫ АУДАНЫНДА ИРАНДЫҚ ИНВЕСТОРЛАР ҚАЗАҚЫ НАҚЫШТАҒЫ КІЛЕМ ТОҚУ ЖОБАСЫН ҚОЛҒА АЛМАҚ

Ордабасы ауданының әкімі Азат Оралбаев шетелдік инвесторлармен арнайы кездесу өткізіп, олардың жоспарларымен танысты. Кездесу барысында ауданның даму бағыты мен әлеуеті таныстырылып, екі тарап өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.Шетелдік кәсіпкерлер мал жүнін өңдеу және қазақы нақыштағы кілем тоқу жобасын қолға алуға ниетті екендерін білдірді. Аталған жоба үшін аудан аумағынан 1 гектар жер телімі қарастырылмақ. Сонымен қатар, ауданда жүзім шаруашылығын дамыту жобасын іске асыру да жоспарланып отыр. Бұл мақсатқа 50 гектар жер телімі белгіленген.Аталған жобаларды жүзеге асыруға Иран Ислам Республикасынан келген шетелдік инвестор «Талифа» ЖШС-і ниетті. Бұл жобаларға Қажымұқан және Қарақұм ауыл округтері аумағынан қажетті жер телімдерін бөлу мәселесі қаралып, құжаттары Түркістан әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы арқылы рәсімделмек. Аталған жобалар жүзеге асқанда өңдеу өнеркәсібі саласында өнімнің жаңа түрлері өндіріледі. Бұл өз кезегінде өнеркәсіптің және аудан экономикасының дамуына серпін беретін бермек.

Қатысты жаңалықтар

ШЫМКЕНТ: «МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА 30 МЫҢ ТЕҢГЕ КӨЛЕМІНДЕ БІР РЕТТІК КӨМЕК БЕРІЛЕДІ

azatmedia

Қытай тарапынан Түркістан облысына деген қызығушылық жоғары

azatmedia

ШЫМКЕНТТЕ “ТАЗА ҚАЗАҚСТАН” ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА ЖАЛПЫҚАЛАЛЫҚ СЕНБІЛІК ӨТТІ

azatmedia