Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙДА МАҚТА ШИКІЗАТЫН ӨҢДЕУ ЗАУЫТЫ ЖОБАСЫ ІСКЕ АСЫРЫЛАДЫ

ҚР Президенті Жолдауында Кәсіпкерлікті жүйелі түрде қолдауға арналған тапсырма екі жылдан бері орындалмай жатқандықтан, бұл жұмыста бәрін басынан бастап реттеу керек екендігін басымдылық беріп айтты. Мемлекет басшысының бұл бастамасы біз сынды кәсіпкерлердің жұмысы одан әрі дамып, жандануына ықпал етеді деген ойдамын.

Алдыңғы кезекте Президент Конституциялық реформа Жаңа, Әділетті Қазақстанды құру жолындағы аса маңызды қадам болғандығына тоқталып,   еліміздегі саяси жаңғыру енді экономикалық өзгерістерге ұласуы тиіс екендігін атап айтты. Нақтырақ айтқанда, ол еліміздегі шағын және орта бизнес өкілдеріне  барынша қолдау керектігін жеткізді. Әсіресе, Жолдаудағы Мемлекет басшысының  «Азамат – бизнес – мемлекет» арасындағы қатынасты түбегейлі өзгертеттіні анық.

Осы орайда, Жетісай ауданында биылғы жылдың бірінші тоқсанында өндірілген аумақтық жалпы өнім көлемі 16,1 млрд теңгені құраса, ал негізгі капиталға бағытталған инвестиция көлемі 4,1 млрд. теңгені құраған. Бұл туралы бүгін Жетісай ауданы әкімінің орынбасары Серік Пірімбеков мәлімдеді, , деп хабарлайды Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасаған anyqtimes.kz ақпараттық агенттігі.

«Ауданның егістік жерінің біршама жеріне мақта дақылы егілетінін өздеріңіз де жақсы білесіздер. Бұл бойынша ауданға жан-жақты инвесторлар тарту жұмыстары жүргізілуде. Осы мақсатта өткен жолы көршілес Өзбекстан Республикасында мақта кластерін дамыту үшін инвесторлармен іскерлік кездесулер өткізіліп, екі жақты келіссөздер жүргізудің алғышарттары жасалуда. Биыл азаматтардың жеке қаражаттары есебінен Ж.Ералиев ауылдық округінен құны 300 млн теңгеге 10 мың тонналық «Тұран Мақта» ЖШС «Мақта шикізатын өңдеу зауыты» жобасын, Жаңаауыл ауылдық округіндегі құны 350 млн теңге болатын «Тоқыма емес мата өндірісі» жобасын, Мақталы ауылдық округінен құны 790 млн теңге болатын «Мақталы Жер» ЖШС «Тұқымдық шит өндірісі зауыты», 100 млн теңгеге бақша өнімдерін қайта өңдеу цехы, Жетісай қаласындағы құны 200 млн теңгеге аяқким өндірісі жобасын жыл соңына дейін іске қосу жоспарлануда», – дейді Серік Қонысбекұлы.

Сонымен қатар, бүгінде ауданда егіс науқаны аяқталып, 76,2 мың гектар егіс егілген. Оның ішінде 45 мың га мақта, 19 мың га бақша, 2,1 мың га көкөніс, 4,6 мың га дәндік жүгері дақылдыры. Бүгінгі күнге 32,5 мың тонна өнім жинақталған. Оның ішінде қырыққабат дақылының басым бөлігі Ресей, Белоруссия елдерімен қатар еліміздің Алматы, Астана, Шымкент қалаларына және басқа да облыстарға жөнелтіліп жатыр. Айта кетсек, ауданда 105 елді мекеннің 104-і орталықтандырылғын ауыз сумен қамтылып, 112 елді мекеннің 105-і орталықтандырылған электр желісіне қосылған. Бұдан бөлек, 2023 жылға жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласын дамытуға Ұлттық қор, облыстық және жергілікті бюджет есебінен 1,9 млрд. теңге бағытталған. Сондай-ақ, жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында 5056 азамат тұрақты және уақытша жұмысқа қатыстырылған.

Қатысты жаңалықтар

«Балаларды сағындық» – Қарттар үйіндегі әжейдің сөзі сыйлық беруге келген жігіттерді жылатты (видео)

azatmedia

ТҮРКІСТАН ЖӘНЕ ЮЭЦИН ҚАЛАЛАРЫ АРАСЫНДА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ

azatmedia

ОТБАСЫ ИНСТИТУТЫН НЫҒАЙТУ ЖАЙЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

azatmedia