Соңғы жаңалықтар

БІЛІМ НЫСАНДАРЫНДАҒЫ ҚҰРЫЛЫС ЖӘНЕ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ БАРЫСЫ БАҚЫЛАНДЫ

Бүгін Түлкібас ауданының әкімі Асқар Естібаев аудандағы құрылысы жүріп жатқан білім беру нысандарының жұмыс барысымен танысып, жүргізіліп жатқан құрылыс және күрделі жөндеу жұмыстарының сапасын бақылау мақсатында бірқатар нысандарды аралады.

Алдымен Азаттық ауылында орналасқан Ә. Науаи атындағы жалпы білім беретін мектепке арнайы барып, жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу жұмыстарының барысын көрді. Жауапты мердігер мекеме өкілдері атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде баяндап, жөндеу жұмыстарының кезең-кезеңімен жүргізіліп жатқанын жеткізді. Аудан әкімі құрылыс сапасына ерекше мән беріп, барлық жұмыстардың белгіленген талаптарға сай әрі уақытылы аяқталуын тапсырды.

Одан кейін аудан әкімі «Дауан» атындағы жалпы білім беретін мектептің құрылыс алаңында болды. Қазіргі таңда 150 орындық жаңа білім ұясының құрылысы жоспарға сәйкес жүргізілуде. Нысанның құрылыс барысымен танысқан аудан әкімі жауапты мекеме өкілдеріне құрылыс сапасын қатаң бақылауда ұстап, белгіленген мерзімнен кешіктірмей пайдалануға беруді міндеттеді.

Іссапар барысында аудан әкімі Түлкібас ауданының үш тілде оқытатын мамандандырылған мектеп-интернатына да барып, білім ордасының материалдық-техникалық жағдайымен танысты. Мектептің инфрақұрылымы, оқу кабинеттері, инженерлік жүйелері және оқушыларға жасалған жағдайлар зерделенді.

Нысандарды аралау қорытындысында аудан басшысы жауапты бөлімдер мен мердігер мекемелерге құрылыс және жөндеу жұмыстарының сапасын тұрақты бақылауда ұстап, барлық жұмыстарды бекітілген кестеге сәйкес әрі уақытылы аяқтауды тапсырды. Сондай-ақ, білім беру ұйымдарында жаңа оқу жылы басталғанға дейін қажетті жұмыстардың толық аяқталуы маңызды екенін атап өтті.

Қатысты жаңалықтар

ҚАЖЫМҰҚАННЫҢ ФИЗИКАЛЫҚ СИПАТЫ

azatmedia

ҚАҢҒЫБАС ИТ ПЕН МЫСЫҚТЫ КАСТРАЦИЯЛАУ ОЛАРДАН ТӨНЕТІН ҚАУІПТІ АЗАЙТАДЫ

azatmedia

Қашықтан оқыту екі форматта жүргізіледі

azatmedia