Соңғы жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ҚОҒАМДАҒЫ ТҮЙТКІЛДЕРДІ ШЕШУ ЖОЛДАРЫ САРАЛАНДЫ

Бүгін облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаевтың төрағалығымен өңірдегі қоғамдық-саяси ахуалға байланысты мәжіліс өтті.

Жиынға тиісті басқарма басшыслары, сондай-ақ қала және аудан әкімдерінің салаға жауапты орынбасарлары мен құқық қорғау органдарының өкілдері қатысты.

Мәжілісте облыс аумағындағы қоғамдық-саяси тұрақтылықтың қазіргі жағдайы, атқарылып жатқан жұмыстардың барысы және алдағы кезеңге арналған міндеттер жан-жақты талқыланды. Әсіресе, өңірдегі

қоғамдық-саяси ахуалды тұрақты бақылауда ұстау, халықпен кері байланысты күшейту, сондай-ақ ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүйелі жүргізу мәселелеріне ерекше назар аударылды.

– Қоғамдық тұрақтылық – өңір дамуының негізгі тірегі. Сондықтан әрбір аудан мен қалада ахуалды жіті бақылап, тұрғындармен ашық әрі жедел кері байланыс орнату – басты міндеттердің бірі. Бұл бағыттағы жұмыстарды жандандыру керек, – деді Ертай Кенжебекұлы.

Мәжіліс қорытындысында барлық жауапты тұлғаларға берілген тапсырмалардың орындалуын қатаң бақылауға алу және атқарылған жұмыстар бойынша тұрақты есеп беріп отыру міндеттелді.

Мәжіліс барысында қоғамдағы өзекті мәселелерді анықтау, тұрғындардың ұсыныс-пікірлерін ескеру және әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарды жетілдіру мәселелері қаралды. Жауапты мамандар өңірдегі қоғамдық ахуалға әсер ететін факторларға талдау жасап, алдын алу шараларын күшейту бойынша ұсыныстарын ортаға салды.

Сонымен қатар, мемлекеттік органдардың халықпен ашық диалог орнатуы, азаматтардың өтініштеріне жедел жауап беруі және түсіндіру жұмыстарын тиімді ұйымдастыруы маңызды екені атап өтілді. Қоғамдық келісімді сақтау үшін барлық деңгейдегі мекемелердің өзара үйлесімді әрекет ету қажеттігіне баса назар аударылды.

Қоғамдық-саяси тұрақтылықты нығайту бағытындағы жұмыстар тек туындаған мәселелерді шешумен шектелмей, олардың алдын алуға бағытталуы тиіс. Осы мақсатта ақпараттық жұмыстарды күшейту, тұрғындар арасында түсіндіру кездесулерін өткізу және әлеуметтік мәселелерді уақытылы зерделеу бойынша нақты міндеттер белгіленді. Алдағы кезеңде өңірдегі қоғамдық ахуалды тұрақты бақылауда ұстау, азаматтардың сенімін арттыру және қоғамдағы өзара түсіністікті қалыптастыру бағытындағы жұмыстар жалғасады. Бұл шаралар Түркістан облысындағы тұрақтылық пен орнықты дамуды қамтамасыз етуге бағытталған.

Қатысты жаңалықтар

Полиция лейтенантын қораз теуіп өлтірді

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ СУ ҮНЕМДЕУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ЕНГІЗУ МЕН «АУЫЛ АМАНАТЫ» ЖОБАСЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДА КӨШБАСШЫЛАР ҚАТАРЫНДА

azatmedia

ОРДАБАСЫДА ОҚУ ЖЫЛЫН 1823 ТҮЛЕК АЯҚТАДЫ

azatmedia