Аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің жоспарына сәйкес, АПӘК әдіскері Бәкір Тамара Бахрамқызының ұйымдастыруымен жас мамандарға арналған «Химиядан қалыптастырушы бағалау тапсырмаларының құрастырылуы және бағалануы» тақырыбында аудандық онлайн вебинар өткізілді.Вебинардың мақсаты: Жас мамандарға химиядан оқу мақсатына сәйкес, қалыптастырушы бағалау тапсырмаларының құрастырылуы және олардың бағалануын түсіндіру және тәжірибе алмасу. Вебинарда АПӘК әдіскері жалпы сабақтың қысқа мерзімді жоспарына шолу жасап, ондағы оқу мақсатына сәйкес сабақтың мақсатының қойылуына, оны ойлау дағдыларының деңгейімен сәйкестендіру және бағалау қритерийлерінің жазылуы, қалыптастырушы бағалау тапсырмаларының құрастырылуы, дескриптордың қойылуы және балдық жүйемен бағалануын талдады. Вебинар барысында «Ордабасы» жалпы орта мектебінің химия пәні мұғалімі Утебекова Дариға «8 сыныпта химия сабағында қалыптастырушы баалау тапсырмаларының оқу мақсатына сәйкес құрастырылуы және бағалануы» тақырыбында, М. Исламкулов атындағы жалпы орта мектебінің химия пәні мұғалімі Қанаева Жадыра «Химиядан қалыптастыру бағалау тапсырмаларын дұрыс құрастыру- білім сапасының кепілі» тақырыбында баяндамаларын оқып, жас мамандарды өздерінің іс-тәжірибелерімен таныстырды.Вебинардың қорытындысында жас мамандар қазіргі сабақтың құрылымына өздері тоқталып, тапсырмалардың түрлеріне талдау жасап, өздеріне қажетті мағлұматтар алды. Сонымен қатар олардан вебинар туралы кері байланыс алынды.
Алдынғы жаңалық
Келесі жаңалық