Қоғам Соңғы жаңалықтар

Желі «жұлдызы». Үйір-үйір жылқы айдаған Асыл қыз ауылды насихаттап жүр

24 жастағы жылқышы қыз әлеуметтік желіде кеңінен таныла бастады. Солтүстік Қазақстан облысы Озерное ауылында тұратын Асыл Ахметованың жеке блогы да бар. Ол желіде ауылдың тыныс-тірлігін баяндап, жайлаудағы күндері туралы айтады, – деп хабарлайды zakon.kz Хабар-24-ке сілтеме жасап.

Қарапайым ауыл өмірі көпшіліктің қызығушылығын тудырғаны сонша еліміздің әр түкпірінен мыңдаған оқырман тіркеліпті. Асыл Ахметова шалғайдағы ауылда тұрса да әлеуметтік желіде танымал. Оның әрбір жариялаған түсірілімін мыңдаған адам тамашалап, пікір қалдырады. Нәзік жанды қазақ қызы ауыл тіршілігін көпшілікке насихаттап, жылқы бағады. Халық әндерін орындайды.

Асыл мал бағып, ата-анасына жәрдем беруді 7-сыныптан бастаған. Ол елордада білім алып, ауылға оралған. Қазір мектепте жұмыс істейді. Бірақ бос уақытын өрісте, жайлауда өткізгенді ұнатады. 24 жастағы бұрымды ат құлағында ойнап, қажет кезінде мотоцклді де тізгіндейді.

– Мотоцикл міне, жылқыға бара жатырмын…

Бойжеткен жылқы мініп, мал баққанға бала кезден машықтанған. Әлеуметтік желіге блог түсіруге әкесі көмектеседі. Олар бірге төрт түлік бағып, ауыл контентін әзірлейді.

Асыл Ахметова, жылқышы қыз:

– Бұл менің қазіргі мініп жүрген атым. Есімі Джунгли. Бірге жылқы бағамыз. Жақын досым деп те айтуға болады. Далада жалғыз өзім жүрген кезде әңгіме айтамын. Ішімдегі сырымды ақтарамын. Жылқы малы мінезі қазақ сияқты. Еркіндікті жақсы көреді. Және барлығын сезеді.

Малшы қыз жеке шаруа қожалығын ашып, әрі қарай тыңнан түрен салмақ. Ауыл өмірін жұртқа паш етіп, ата кәсіптің қыр-сырын жариялауды жалғастырамын дейді. Осы арқылы ұлттық мәдениет пен дәстүрді сақтап қалуды мақсат етеді.

Руслан Бақытбекұлы, Нұргүл Ахметова

Қатысты жаңалықтар

«Бір жерін көрсетіп»: Жаңа образдағы Сәдуақасова елден оңбай сөз естіді (фото)

azatmedia

Проблемалар оң шешіліп келеді

azatmedia

ШЫМКЕНТТЕ РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ ДОСТЫҚ ҮЙІНІҢ БАЗАСЫНДА «БІРЛІК АЛАҢЫ» АШЫЛДЫ

azatmedia