Соңғы жаңалықтар

ЖОЛДАУДЫҢ ІСКЕ АСУЫ – МАҢЫЗДЫ МІНДЕТ

ҚР Президентінің биылғы Жолдауын іске асыру бойынша «Петроказахстан» компаниясының қызметкерлерімен жиын өтті. Жиында қалалық қоғамдық кеңестің мүшесі, жеке кәсіпкер Ербол Жолбарысов Жолдаудың мән-маңызына тоқталып өтті.

-Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында экономикалық және әлеуметтік салаға көңіл аударды. Соның бірі – ең төменгі жалақы мөлшері 2023 жылдан бастап 70 мың теңге болады. Қазіргі таңда экономиканың негізгі қозғаушы күші саналатын шикізатқа тәуелділіктен біртіндеп арылып, шағын және орта кәсіпті дамыту маңызды болып тұр. Оның ішінде мемлекеттік-жекеменшік әріптестіктің орны бөлек. Көптеген жұмыс орны осы жоба аясында іске асырылуда. Ал әлеуметтік даму дегенде ойға, ең алдымен, денсаулық сақтау саласын дамыту, әйелдердің зейнеткерлікке шығу жасының өсуіне мораторий жариялау, бала күтіміне байланысты берілетін жәрдемақы мерзімін 1 жылдан 1,5 жылға ұзартылды. Бұл ел игілігі үшін жасалып отырған нақты қадамдар, – деді Е.Жолбарысов.

«Петроказахстан» компаниясы еліміздегі ірі мұнай өңдеуші зауыттың бірі. Жақында ғана Президент Шымкентке жасаған сапарында аталған компанияның жұмысшыларымен кездескен болатын. Жиын соңында компания қызметкерлері Мемлекет басшысының Жолдауын бірауыздан қолдайтынын жеткізді.

Қатысты жаңалықтар

ШЫМКЕНТТЕ ҰШҚЫШСЫЗ ҰШУ АППАРАТЫ ШЫҒАРЫЛАДЫ

azatmedia

ШЫМКЕНТТЕ БАЙЛАНЫС АНТЕННАЛАРЫН ОРНАТАТЫН 11 ЖЕР ТЕЛІМІ АНЫҚТАЛДЫ

azatmedia

Әлемдегі ең ақылды адамдардың қатарына кірген қазақ туралы не білеміз?

azatmedia