Соңғы жаңалықтар

КЕНТАУЛЫҚ КӨПБАЛАЛЫ АНАЛАРҒА ТӨСБЕЛГІ ТАБЫСТАЛДЫ

Кентау қаласының әкімі Жандос Тасов алтын құрсақты аналарды арнайы қабылдап, «Алтын алқа» және «Күміс алқа» төсбелгілерін салтанатты түрде табыстады. Халық санын арттыруға үлес қосып жүрген 20 көпбалалы ана марапатқа ие болды. Оның ішінде, 6 анаға «Алтын алқа», ал 14 анаға «Күміс алқа» төсбелгісі табысталды.

Салтанатты рәсім барысында қала әкімі аналарды марапаттарымен құттықтап, олардың қоғамдағы орны мен отбасы тәрбиесіндегі өлшеусіз еңбегін ерекше атап өтті. Сондай-ақ, мемлекет тарапынан ана мен баланы қолдау, көпбалалы отбасылардың әл-ауқатын арттыру бағытында жүзеге асырылып жұмыстарға тоқталды. Марапат иелері өз кезегінде мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қолдау мен құрметке ризашылықтарын білдіріп, ізгі тілектерін жеткізді.

Көпбалалы аналарды марапаттау рәсімі отбасы құндылықтарын дәріптеп, ана еңбегінің қоғамдағы маңызын айқындайтын тағылымды шаралардың бірі болды. Ұрпақ тәрбиесіне үлкен жауапкершілікпен қарап, бірнеше баланы өсіріп отырған аналардың еңбегі – елдің демографиялық дамуына және рухани құндылықтардың сақталуына қосылған зор үлес.

Кентау қаласында көпбалалы отбасыларды қолдау, әлеуметтік жағдайын жақсарту және балалардың жан-жақты дамуына мүмкіндік жасау бағытында түрлі жұмыстар жүзеге асырылуда. Ана мен балаға қолайлы орта қалыптастыру, отбасы институтын нығайту және ата-аналарға қажетті қолдау көрсету мемлекеттік саясаттың маңызды бағыттарының бірі болып қала береді.

Марапат иелерінің өмір жолы мен отбасындағы өнегесі жас ұрпақ үшін үлгі боларлық. Балаларына тәлім-тәрбие беріп, ел болашағына үлес қосып жүрген аналардың еңбегін бағалау – қоғамдағы сыйластық пен құрметтің көрінісі. Алдағы уақытта да Кентау қаласында отбасы құндылықтарын насихаттау, аналарға құрмет көрсету және көпбалалы жанұяларды қолдау бағытындағы іс-шаралар жалғасын табады. Бұл бастамалар қоғамдағы береке мен тұрақтылықты нығайтуға бағытталған.

Қатысты жаңалықтар

В ШЫМКЕНТЕ В ГОД ВЫПУСКАЕТСЯ 120 ВЫСОКОВОЛЬТНЫХ ТРАНСФОРМАТОРОВ

azatmedia

АУДАНДЫҚ ОНЛАЙН-СЕМИНАР ӨТТІ

azatmedia

ТҮРКІСТАНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДЕҢГЕЙДЕГІ WOOSONG KAZAKHSTAN UNIVERSITY СТУДЕНТТЕРДІ ҚАБЫЛДАУДА

azatmedia