Шардара ауданының әкімі Арман Қарсыбаев жұмыс сапары барысында аудан аумағында орналасқан бірқатар өндіріс орындарының қызметімен танысты. Атап айтқанда, «Шоғы строй» ЖШС-ң қоршау өндіру цехында болған аудан басшысы цехтың өндірістік қуатымен, шығарылатын өнім түрлерімен танысты. Бүгінде онда 15 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Кәсіпорын тәулігіне 80 дана қоршау және 50 дана қоршау бағанын өндіруге қауқарлы.
Сапар аясында өңір басшысы «Шардара-Ет» ЖШС-ң күріш өңдеу жұмысымен танысты. Жеке кәсіпкер Дінмұханбет Бекмұратов басқаратын кәсіпорын 6 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр. Кәсіпорын тәулігіне 20 тоннаға дейін күріш өңдей алады, жылдық өндірістік қуаты шамамен 3 000 тоннаны құрайды. Сондай-ақ, аудан әкімі «Бәйтерек ББМ» ЖШС-ң балық өңдеу зауытына барды. Кәсіпорын иесі Ақыл Байқошқаров жетекшілік ететін өндіріс орнында қазіргі таңда 30 азамат еңбек етеді. Зауыттың жылдық қуаты – 600 тонна.
