Мемлекет басшысының халыққа қолжетімді әрі сапалы медициналық көмек көрсету жөніндегі тапсырмаларын іске асыру аясында Түркістан облысында денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамыту бағытында ауқымды жұмыстар атқарылуда.
Түркістан облысы құрылғаннан бері өңірде жалпы саны 134 денсаулық сақтау нысаны пайдалануға берілді. Атап айтқанда, 2018 жылы 1 дәрігерлік амбулатория іске қосылса, 2019 жылы 6 емхана, 1 дәрігерлік амбулатория және 1 қосымша ғимарат пайдалануға берілді. 2020 жылы модульдік жұқпалы аурулар ауруханасы ашылды.
2022 жылы 1 дәрігерлік амбулатория, 2 фельдшерлік-акушерлік пункт, 11 медициналық пункт және 1 облыстық жедел жәрдем станциясы ел игілігіне тапсырылды. 2023 жылы 1 аудандық емхана, 3 дәрігерлік амбулатория және 13 фельдшерлік-акушерлік пункт салынса, 2024 жылы 23 дәрігерлік амбулатория, 25 фельдшерлік-акушерлік пункт және 7 медициналық пункт пайдалануға берілді.
Ал 2025 жылы Түркістан қаласында балаларды оңалту орталығы ашылып, қосымша 8 дәрігерлік амбулатория, 5 фельдшерлік-акушерлік пункт және 22 медициналық пункттің құрылысы аяқталды.
Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде тұрғындарды алғашқы медициналық-санитариялық көмекпен қамту деңгейі едәуір жақсарып, ауылдық елді мекендерде медициналық қызметтің қолжетімділігі артты. Бұл өз кезегінде халық денсаулығын нығайтуға, аурулардың алдын алуға және тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартуға оң әсерін тигізуде.
Облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің бақылауымен медициналық ұйымдардың материалдық-техникалық базасын нығайтуға және ауыл тұрғындарын сапалы медициналық қызметпен қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасады.
Биыл 24 медициналық нысанның құрылысы жүргізілуде. Оның ішінде 7 дәрігерлік амбулатория, 2 фельдшерлік-акушерлік пункт, 11 медициналық пункт және 4 жедел жәрдем дислокациясы бар.
Жаңа нысандардың іске қосылуы ауыл тұрғындарының сапалы медициналық қызметке қолжетімділігін одан әрі арттырып, өңірдің денсаулық сақтау жүйесін жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік береді.
Денсаулық сақтау нысандарының жаңаруы өңірдегі медициналық қызмет сапасын арттыруға және тұрғындарға көрсетілетін көмектің қолжетімділігін кеңейтуге бағытталған маңызды қадамдардың бірі болып отыр. Әсіресе шалғай елді мекендерде жаңа медициналық нысандардың ашылуы тұрғындардың уақытылы тексеріліп, қажетті ем-дом алуына мүмкіндік беруде.
Сонымен қатар, медициналық ұйымдардың материалдық-техникалық базасын нығайту, заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету және мамандардың кәсіби біліктілігін арттыру бағытындағы жұмыстар да жүйелі түрде жүргізілуде. Бұл медициналық көмектің сапасын жақсартуға және аурулардың алдын алу шараларын тиімді ұйымдастыруға ықпал етеді.
Ауылдық жерлердегі денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамыту халықтың өмір сүру сапасын арттырумен қатар, өңірдегі әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз етудің маңызды факторларының бірі саналады. Жаңа нысандардың іске қосылуы арқылы алғашқы медициналық көмек көрсету жүйесі одан әрі жетілдіріле түседі. Жалпы, Түркістан облысында денсаулық сақтау саласын дамытуға бағытталған жобалар тұрғындардың денсаулығын қорғауға, медициналық қызметтің сапасын көтеруге және заманауи талаптарға сай тиімді жүйе қалыптастыруға бағытталған. Алдағы уақытта да бұл бағыттағы жұмыстар жалғасып, жаңа медициналық мүмкіндіктерді дамытуға басымдық берілетін болады.
