Соңғы жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ ТҰРАҚТЫЛЫҚТЫ САҚТАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаевтың төрағалығымен қоғамдық-саяси ахуал бойынша апталық штаб отырысы өтті. Жиынға құқық қорғау органдары, арнаулы қызмет орындары, тиісті басқармалардың басшылары қатысты. Сондай-ақ аудан-қала әкімдіктерінің орынбасарлары селекторлық режимде қосылды.

Жиынның негізгі мақсаты – өңірдегі әлеуметтік тұрақтылықты сақтау, қоғамдық келісімді нығайту және қоғамдық-саяси ахуалдың тұрақтылығын қамтамасыз ету мәселелерін талқылау.

Жиын барысында жыл басынан бері жүргізілген мониторинг нәтижелері қаралып, облыстағы қоғамдық-саяси жағдайдың жалпы динамикасына талдау жасалды. Сондай-ақ ақпараттық кеңістіктегі ахуал сараланып, өзекті мәселелер бойынша пікір алмасу жүргізілді.

Отырыс қорытындысында облыс әкімінің орынбасары көтерілген өзекті мәселелердің барлығын қарап шығып, басқармалар мен тиісті құзырлы мекемелерге, қала және аудан әкімдерінің жауаптыларына құқықбұзушылықтың алдын алып, қоғамдық қауіпсіздікті күшейтуді тапсырды. Сондай-ақ аудан-қала әкімдіктері қоғамдық-саяси ахуалды бақылауда ұстап, дер кезінде тиісті шараларды жүргізуі тиістігі баса айтылды.

Штаб отырысында өңірдегі тұрақтылықты қамтамасыз ету бағытында мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы билік өкілдерінің өзара үйлесімді жұмысының маңыздылығы атап өтілді. Қоғамдағы өзекті мәселелерді уақытылы анықтап, алдын алу шараларын жүргізу әлеуметтік келісімді сақтаудың негізгі тетіктерінің бірі екені айтылды.

Сонымен қатар, ақпараттық кеңістіктегі ахуалды бақылау, тұрғындармен кері байланысты күшейту және халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүйелі жүргізу мәселелеріне ерекше назар аударылды. Бұл бағыттағы жұмыстар қоғамдық сенімді нығайтып, түрлі әлеуметтік мәселелердің алдын алуға мүмкіндік береді.

Жиын барысында құқық бұзушылықтың алдын алу, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қоғамдағы бірлік пен өзара түсіністікті сақтау бағытындағы шараларды күшейту қажеттігі талқыланды. Жауапты мекемелерге белгіленген міндеттерді сапалы орындау бойынша нақты тапсырмалар берілді. Жалпы, Түркістан облысында қоғамдық-саяси тұрақтылықты сақтау, тұрғындардың қауіпсіз ортасын қалыптастыру және қоғамдық келісімді нығайту бағытындағы жұмыстар тұрақты негізде жалғасуда. Бұл шаралар өңірдің тұрақты дамуына және әлеуметтік ахуалды жақсартуға бағытталған.

Қатысты жаңалықтар

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА 7 НЕГІЗГІ МАКРОКӨРСЕТКІШТЕР БОЙЫНША ОҢ ӨСІМ БАЙҚАЛДЫ

azatmedia

Оралда әскери сарбаз өз-өзіне қол жұмсады

azatmedia

АРЫСТА ТАҒЫ БІР АУЫЛ «АРАҚСЫЗ АУЫЛ» АКЦИЯСЫН ҚОЛДАДЫ

azatmedia