Ақпарат

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ҰЛТТЫҚ КІТАП КҮНІНЕ ОРАЙ МӘДЕНИ ШАРА ӨТТІ

Түркістандағы облыстық «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасында ұлттық кітап күніне орай «Артық білім кітапта…» атты мәдени-танымдық шара өтті. Кеш Ы.Алтынсарин атындағы облыстық балалар кітапханасымен бірлесіп ұйымдастырылған. Жиынның ашылу салтанатына ҚР Жазушылар одағының облыстық филиалының төрағасы, ақын Айдар Бастарбекұлы, облыстық «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасының директоры Жанат Сәдібекқызы мен Ы.Алтынсарин атындағы облыстық балалар кітапханасының директоры Рысбек Ермекұлы қатысып, рухани мерекемен құттықтады.

Сонымен қатар, кешке ҚР Журналистер одағының мүшесі, ҚР Құрметті журналисі Роза Сыздыққызы, ҚР Журналистер одағының және Түркі әлемі Жазушылар одағының мүшесі Несіпкүл Мейманханқызы,«Бітімгер» медиаторлар қоғамдық бірлестігінің басшысы Бақытжан Жармаханұлы қатысты. Сондай-ақ ақын Асылзат Арыстанбек, Түркістан қалалық Оқушылар сарайының директоры Индира Икапова және жас ақын, журналист Бауыржан Ерман қатысып, өз ойларымен бөлісті.

Салтанатты шара аясында облыстық кітапханалардың мерейлі жылдарына орай арнайы кітап көрмелері ұйымдастырылды. Тарқата айтсақ, биыл «Фараб» кітапханасына – 5 жыл болса, Ы.Алтынсарин атындағы облыстық балалар кітапханасына – 65 жыл толып отыр. Келушілер назарына сирек басылымдар мен құнды кітап қорлары ұсынылып, кітапханалардың бүгінгі тыныс-тіршілігі жан-жақты көрсетілді. Шара концерттік бағдарламаға ұласып, сахна төрінде ағартушы ұстаз Ы.Алтынсариннің бейнесі сомдалды. Сонымен қатар, мектеп оқушылары Абай Құнанбайұлының өлеңдерін жатқа оқыды.

Мұндай мәдени-танымдық шаралар жас ұрпақтың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, рухани құндылықтарды дәріптеуге ықпал етеді. Кітап оқу мәдениетін қалыптастыру арқылы қоғамда білімге деген сұраныс күшейіп, интеллектуалды даму деңгейі арта түседі.

Кітапханалардың мерейтойлық даталары аясында ұйымдастырылған көрмелер оқырмандарға бай тарихи және әдеби мұрамен танысуға мүмкіндік берді. Сирек басылымдардың ұсынылуы оқырман қауымның әдебиетке деген қызығушылығын тереңдетіп, ұлттық руханияттың маңызын айқындай түсті.

Шара барысында белгілі тұлғалардың қатысуы мен пікір алмасуы жастарға мотивация беріп, шығармашылық ізденістерге жол ашты. Әсіресе ақындар мен журналистердің ой-толғамдары қазіргі ақпараттық қоғамдағы кітаптың орнын қайта бағалауға ықпал етті. Алдағы уақытта мұндай мәдени іс-шаралардың жүйелі түрде өткізілуі Түркістан өңіріндегі рухани ортаның дамуына серпін беріп, кітапхана қызметінің қоғамдағы беделін одан әрі арттыра түспек.

Қатысты жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЕЛ ТАРИХЫНДА АЛҒАШ РЕТ 32 МЫҢ ГЕКТАР ЖЕРГЕ ТАМШЫЛАТЫП СУҒАРУ ЖҮЙЕСІ ЕНГІЗІЛДІ

azatmedia

Бахрейнде секс құлдықта болған алматылық қыз ағынан жарылды

azatmedia

ШЫМКЕНТ: ЖЕТІ ҚАЛАҒА ТІКЕЛЕЙ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘУЕ РЕЙСТЕРІ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

azatmedia