Қоғам

“Қазығұрт Fest” гала-концерті басталды

Қазығұрт ауданы әкімдігінің қолдауымен ауыл-аймақтағы талантты жастарды қолдап, олардың өнерін көпшілікке таныту мақсатында ұйымдастырылған “Қазығұрт Fest” гала-концерті өз бастауын С.Рахымов және Жігерген ауылдарынан алды.

Кеш барысында облысымыздың атын республикалық деңгейде танытып жүрген танымал жайдарман топтары мен эстрада жұлдыздары үлкен сахнада өнер көрсетіп, көпшілікті ерекше әсерге бөледі.

Ақ жаулықты әжелер мен ақ сақалды қарияларымызға аудан әкімінің атынан шағын сыйлықтар табысталды. Бұл – үлкендерге көрсетілген құрметтің белгісі болды.

Концерт алдында ауыл жастарына арнайы кастинг ұйымдастырылып, іріктеуден өткен талантты өнерпаздар сахнада өз өнерлерін көрсетті.

Кеш жоғары деңгейде өтті, ауыл тұрғындарының ыстық ықыласына бөленді.

Осындай игі бастамалар ел болашағы – жастарға жол ашатыны анық. Қазығұрттағы мәдени өмір қыза түсуде! 

Қатысты жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА «СЕРПІН» БАҒДАРЛАМАСЫ БОЙЫНША ҚҰЖАТ ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛДЫ

azatmedia

«Еңбек адамы» айдарының кейіпкері –Маханова Индира

azatmedia

СПОРТ САЛАСЫН ДАМЫТУҒА АРНАЛҒАН СЕМИНАР КЕҢЕС ӨТТІ

azatmedia