Ақпарат

БӘЙДІБЕК: АУДАНДЫҚ ПОЛИЦИЯ БӨЛІМІНІҢ ҒИМАРАТЫ ЖАҢАРТЫЛУДА

Бәйдібек ауданының әкімі Нұрмаханов Ерлан Заипұлы аудандық полиция бөлімінің ғимаратында жүргізіліп жатқан ағымдағы жөндеу жұмыстарының барысымен танысты.

Атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде аудан басшысына Бәйдібек аудандық полиция бөлімінің бастығы Нұрдаулет Әжібеков жан-жақты ақпарат берді.Жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан мердігер мекеме — “Сәулет-2012” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Қазіргі таңда нысан басында 15 жұмысшы жұмылдырылған. Жобаға тапсырыс беруші мекеме — Бәйдібек аудандық құрылыс бөлімі.Бүгінгі күні нысанда сыртқы қоршау мен ішкі әрлеу жұмыстары белсенді түрде жүргізілуде.

Аудан әкімі Ерлан Заипұлы нысан сапасына ерекше назар аударып, жөндеу жұмыстарының белгіленген мерзімде әрі сапалы орындалуы қажет екенін атап өтті.Аудан тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуде маңызды рөл атқаратын полиция бөлімінің инфрақұрылымын жақсарту — аудан әкімдігінің басты назарында.

Қатысты жаңалықтар

Су тасқыны бойынша ахуалға қатысты мәлімдеме

azatmedia

АҚПАРАТТЫҚ-НАСИХАТТЫҚ ТОП – САЙРАМ АУДАНЫНДА

azatmedia

ҚАЗЫҒҰРТ: АУЫЗ СУ МӘСЕЛЕСІ КЕЗЕҢ-КЕЗЕҢІМЕН ШЕШІМІН ТАБУДА

azatmedia