Ақпарат

БӘЙДІБЕК: МӘЖІЛІС ДЕПУТАТЫ АУДАН ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ұласбек Сәдібеков Бәйдібек ауданы активімен, зиялы қауым өкілдерімен және жергілікті тұрғындармен кездесті.

Кездесу жиынына аудандық мәслихаттың депутаттары, қоғамдық кеңестің мүшелері, мекеме басшылары, ауылдық округ әкімдері мен жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Жиынның күн тәртібінде Бәйдібек ауданының экологиялық жағдайы туралы талқыланды.Аудандық мәслихаттың төрағасы Түймебаев Имангелді Қансейітұлы аталған мәселе бойынша баяндап, тұрғындар тарапынан ұсныстар айтылды.

Ұласбек Сәдібеков Бәйдібек ауданына қатысты өзекті мәселелердің Парламент Мәжілісі деңгейінде тұрақты түрде көтеріліп отырғанын атап өтіп, алдағы уақытта да көтерілген мәселелердің шешілуі бағытында тиісті мемлекеттік органдармен бірлесе отырып, жүйелі жұмыстар атқарылатынын жеткізді.

Кездесу қорытындысында аудан тұрғындары атынан Мәжіліс депутатына ауданға жасаған сапары үшін алғыс айтылып, мемлекет мүддесі жолындағы жұмысына табыс тілек білдірілді.

Қатысты жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КОНГО-ҚЫРЫМ ГЕМОРАГИЯЛЫҚ ҚЫЗБАСЫ АУРУЫНА ҚАРСЫ ЖҰМЫСТАР ЖҮРГІЗІЛУДЕ

azatmedia

ТҮРКІСТАНДА 600 ЖҰМЫС ОРНЫН ҚАМТИТЫН ӨНДІРІСТІК ПАРК ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

azatmedia

Мемлекет басшысы: «АҚШ уранның орта есеппен 24 пайызға жуығын біздің елден импорттайды»

azatmedia