Бүгін Созақ аудандық мәслихатының кезекті жиырма сегізінші сессиясы өтті. Сессия жұмысына аудан әкімінің орынбасары Серік Маманов, аудандық мәслихат төрағасы, мәслихат депутаттары, ауылдық округтер мен кент әкімдері, бөлім, мекеме басшылары және ардагерлер қатысты.
Сессия отырысын аудандық мәслихат төрағасы Ордабек Жәмиев жұргізді. Күн тәртібінде 2024 жылға арналған аудан бюджетінің орындалуы, аудандық бюджетке өзгерістер енгізу, кәсіпкерлік пен ауыл шаруашылығының атқарған жұмыстары, мансап орталығының және Созақ ауылдық округі әкімдігінің есептері қаралды. Сондай-ақ бірқатар ауыл көшелеріне атау беру, әлеуметтік көмек көрсету тәртібін айқындау және аудан әкімдігі жанындағы консультативтік-кеңесші органдар құрамын өзгерту туралы мәселелер талқыланды.
Сонымен қатар, нашақорлықтың, сыбайлас жемқорлықтың, құқық бұзушылықтың алдын алу және терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссиялардың құрамына енгізілетін өзгерістер бойынша хабарламалар тыңдалды.
Күн тәртібінде қаралған мәселелер бойынша ауданндық мәслихат депуттары тарапынан сауалдар жолданып, бірқатар ұсыныс-пікірлер айтылды.Жалпы сессия жұмысында мәслихат депутаттары 12 мәселені қарап, тиісті шешімдер қабылданды.