Ақпарат

Шымкентте 100-ден аса бала вирустық инфекциядан жазылып шықты

коронавирус

Вирустық инфекция өршіген тұста қаладағы Асар шағын ауданындағы балалар клиникалық аурухана базасында көп бейінді провизорлық орталық ашылған деп хабарлайды Azatmedia.kz ақпараттық порталы Шымкент қаласының Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мұнда дәрігерлер коронавирус, пневмония дертіне шалдыққан ауыр және орташа халдегі балаларға емдеу шараларын жүргізді. 

Екі айдан аса инфекциялық стационар болып жұмыс істеген орталыққа 107 науқас келіп түскен. Оның ішінде 98 балада коронавирус инфекциясы анықталған. Науқас балаларға провизорлық  стационардағы 20-ға жуық қызметкер тәулік бойы емдеу шараларын үздіксіз жүргізді. Нәтижесінде балалар ауруханасындағы стационарда өлім жағдайы тіркелмеді дейді мамандар. 

Айта кететін жайт, балаларға арналған провизорлық орталықта пульмонолог, травматолог, хирург, невролог, нейрохирург, аллерголог сынды бейінді дәрігерлер бар. 

Қазіргі таңда Шымкент қаласындағы балалар клиникалық ауруханасындағы провизорлық орталық  инфекциялық стационар ретіндегі міндетін аяқтап, штаттық режимдегі жұмысын бастап кетті.

Қатысты жаңалықтар

СОЗАҚТА БИЫЛ АЛТЫ АЙДА ЖАЛПЫ ӨҢІРЛІК ӨНІМ КӨЛЕМІ 380 МЛРД ТЕҢГЕДЕН АСҚАН

azatmedia

САРЫАҒАШТА КӘСІПОРЫН ТӘУЛІГІНЕ 10 ТОННА СҮТ ӨНІМІН ӨНДІРЕДІ

azatmedia

ТҮРКІСТАНДА ОБЛЫСТЫҚ ЭТНОМӘДЕНИ БІРЛЕСТІКТЕР ҚОЛӨНЕРШІЛЕРІНІҢ ШЕБЕРЛІК СЫНЫПТАРЫ ӨТТІ

azatmedia

Пікір қалдыру