Ақпарат

ҚАЗЫҒҰРТТЫҚ ШАРУА 170 ГЕКТАРДАН АСТАМ ЖҮГЕРІ АЛҚАБЫН СУ ҮНЕМДЕУ ТЕХНОЛОГИЯСЫМЕН СУАРУДА

Қазығұрт ауданының  әкімі Азизхан Исмаилов жұмыс сапары барысында «Қарқын-2030» ЖШС-ң өндіріс орнына барып, ауыл шаруашылығында енгізілген су үнемдеу технологиясының жұмыс барысымен танысты. Аталған технология – ауыл шаруашылығында су ресурстарын ұтымды пайдалану, өнімділікті арттыру және экологиялық тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылып жатқан тың жоба. Қазіргі таңда «Қарқын-2030» серіктестігі 172 гектар алқапқа жүгері дақылын егіп, заманауи әдістермен суаруды қолға алған.

Жобаның басты артықшылықтарының бірі — су шығынын бірнеше есе азайту арқылы өнім көлемін ұлғайту. Бұл тәсіл аймақтың климаттық ерекшеліктерін ескере отырып, аграрлық сектордың тиімділігін арттыруға зор мүмкіндік береді. Сонымен қатар, жаңа технологиялардың енгізілуі ауыл тұрғындары үшін де оң әсерін тигізіп отыр. Атап айтқанда, бұл жобаның аясында 10 адам тұрақты жұмыспен қамтылып, елді мекеннің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосып келеді.

Қатысты жаңалықтар

ШЫМКЕНТ: «IKOMEK» ОРТАЛЫҒЫНА КЕЛІП ТҮСКЕН САУАЛДАРДЫҢ 95 ПАЙЫЗЫ ҚАНАҒАТТАНДЫРЫЛДЫ

azatmedia

ТҮРКІСТАНДА ЖАЛПЫҚАЛАЛЫҚ СЕНБІЛІККЕ 800-ДЕН АСТАМ АДАМ ҚАТЫСТЫ

azatmedia

Парламент өкілдерінің өңірлердегі жұмыс кездесулері басталды

azatmedia