Ақпарат

МӘЖІЛІС ДЕПУТАТЫ АУЫЛ ЖАҒДАЙЫМЕН ТАНЫСТЫ

Төлеби ауданына ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Анас Ахатұлы Баққожаев арнайы іс-сапармен келіп, сайлаушылармен кездесті.

Мәжіліс депутаты Киелітас ауылдық округі, «Fish House» ЖШС-не барып, балық шаруашылығын қолға алған кәсіпкермен тілдесті. Балық шаруашылығына мемлекет тарапынан берілетін қолдауларды, ауыл шаруашылығы саласын дамыту бағытындағы жобаларды әңгімелеп, кәсіпкердің жай-күйіне назар аударды. Аумақтық ұйымның партия белсенділерімен кездесіп, ауданға арнаған іс-сапарының мақсаты ауылдың тыныс-тіршілігімен танысып, түйіні шешілмей жатқан мәселелерді талқылау, халықтың талабын жоғары жаққа жеткізу, оларды мүмкіндігінше шешу екенін жеткізді.

Бірінші Мамыр ауылдық округіндегі, Жаңажол фельдшерлік-акушерлік пунктының жұмысына көңіл бөліп, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңға сай партияның өткен жылғы жұмыс қорытындысын таныстырды.

Достық елді мекеніндегі «Жайлы мектеп» жобасы аясында 900 орынға арналған мектеп құрылысына назар аударып, мердігер мекеме өкілдеріне құрылыс жұмыстары сапалы әрі көрсетілген мерзімде аяқтауды тапсырды.

Қатысты жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: БӘЙДІБЕК АУДАНЫНДА ЖАҢҒЫРТУДАН ӨТІП ЖАТҚАН МЕКТЕПТЕРДІҢ ҚҰРЫЛЫС БАРЫСЫ ТЕКСЕРІЛДІ

azatmedia

ТҮРКІСТАН: САРЫАҒАШТА ДОСТЫҚ ЕЛДІ МЕКЕНІ АУЫЗ СУМЕН ҚАМТЫЛДЫ

azatmedia

БИЫЛ ТҮРКІСТАНДА 160-ҚА ЖУЫҚ КӨШЕГЕ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛЕДІ

azatmedia