Ақпарат Басты жаңалықтар Жаңалықтар Соңғы жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ДЕЛЕГАЦИЯСЫ ТҮРКИЯНЫҢ ӨНДІРІС ОРЫНДАРЫМЕН ТАНЫСТЫ

Түркістан облысының делегациясы Түркия Республикасының өндіріс орындарымен танысып, бірлескен жобаларды жүзеге асыру бойынша келіссөздер жүргізді.Облыс әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасына сәйкес шетелдік инвестицияны тарту, өндіріс орындарын құру және өндірістердегі жаңа технологиялар бойынша тәжірибе алмасу мақсатында Түркістан облысынан құралған делегация Түркия еліне іссапар жасады. Іссапарды Облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы ұйымдастырды. Оның құрамында «Turkistan Invest» инвестиция тарту және экспортты дамыту» агенттігі, «Turan» арнайы экономикалық аймағының, Кентау және Арыс қалалары, Отырар, Созақ және Сауран ауданы әкімдіктері және бизнес өкілдері бар.Делегация Измир және Конья қалаларының Сауда және өнеркәсіп палатасы басшылығы, іскерлік бизнес өкілдерімен кездесулер өткізіп, одан әрі «В2В» форматында келіссөздер жүргізді. Сауда-экономикалық және инвестициялық байланыстарды дамыту бойынша кәсіпкерлік саясатты жүргізуге жауапты Сауда- экономикалық байланысты дамыту палаталарымен меморандумдарға қол қойылды.Кездесулерде Измир және Конья қалаларының Сауда және өнеркәсіп палаталарына, бизнес ассоциацияларына Түркістан облысының инвестициялық әлеуеті, түркі мемлекеттер ұйымы арасындағы сауда-экономикалық байланысты нығайту үшін құрылған «Turan» арнайы экономикалық аймағының мүмкіндіктері таныстырылды.Іссапар барысында құрамында 197 компания жұмыс істейтін «Избаш», 250 компания қызмет ететін «Есбаш» еркін экономикалық аймақтары жұмысымен және кәсіпорындарымен танысты. Кәсіпті кеңейту тұрғысында Түркістан өңірінде өндіріс ошақтарын құру бойынша ұсыныстар білдірілді.Экономикалық аймақтарда жұмыс істейтін кәсіпорындармен қатар, делегация бірқатар өндіріс орындары технологияларымен танысты. Олардың қатарында «Akaylar Derі» тері өңдеу зауыты, «Hidromek» ауыл шаруашылығы техникаларын және құрылғыларын өндіру зауыты, «Abalioglu yagi» күнбағысы майын өндіру зауыты, жаңбырлатып және тамшылатын суару жүйелерін өндіретін «Elit plastic», «Sertsan Plastik», «Ercanlar Plastik», «OpalPivot», «Akona plastik» компаниялары, «RTM Tarım Kimya» кіші, ірі қара және құстарға арналған жем шығару зауыты, кептірілген жемістерді өндіретін «Pinar Kuruyemis», Түркия елінің үштен бір бөлігін ет өнімдерімен қамтамасыз ететін консервіленген дайын ет өнімдерін өндіретін «Konaet» компаниялары бар. 

 Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі  

Қатысты жаңалықтар

«Үшінші жар табу өте оңай» – атышулы актердің тағы үйленетіні рас па?

azatmedia

Тұрғындар Парижден жаппай кетіп жатыр

azatmedia

«Сұйық май ішкізіп, құйрық жегізді» – Павлодар тұрғынының өгей қызын аусыз ұрғаны белгілі болды

azatmedia