Ақпарат

МЕРЕКЕ ҚАРСАҢЫНДА КӘСІПОДАҚ МҮШЕЛЕРІН ҚҰТТЫҚТАДЫ

Республика күні мерекесіне орай Түркістан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының «Түркістан облыстық №3 олимпиада резервінің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде кездесу өтті.
Жиынға «Түркістан облысы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Бердіғали Өмірәлі мен «Түркістан облысының спортшылары мен спорт саласындағы қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Шадияр Қондыбаев, мекеме директоры Нұржан Қаңлыбаев және кәсіподақ активі қатысты.
Кездесу барысында аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Бердіғали Өмірәлі сөз алып, кәсіподақ мүшелерімен қоғамдағы кәсіподақтар қозғалысының рөлі туралы сөз қозғап, 2024 жыл «Лайықты еңбек жылы» аясында Кәсіподақтар федерациясы тарапынан еңбеккерлерге лайықты еңбек жағдайларын жасау, ұжымдық және еңбек шарттарын сақтау, еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігін сақтау, жазатайым оқиғалардың алдын алу бағытында атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде айтып өтті. Сондай-ақ барша қатысушыларды мерекелерімен құттықтап, жұмыстарына сәттілік тіледі.
Өз кезегінде сөз алған Шадияр Қондыбаев салалық кәсіподақтың атқарған жұмыстары мен жетістіктерін баяндап, алдағы жоспарларымен бөлісіп өтті.
Жиын ары қарай марапаттаумен жалғасып, онда ұжымда ынтымақ пен бірліктің ұйытқысы болып, қоғамдық жұмысқа белсене араласып жүрген бір топ кәсіподақ мүшелеріне облыстық кәсіподақтар бірлестігінің және салалық кәсіподақтың Құрмет Грамоталары мен Алғыс хаттары табыс етілді.

Қатысты жаңалықтар

ЖОЛ КАРТАСЫНДАҒЫ МАҢЫЗДЫ НЫСАНДАРДЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ – ПАРТИЯ НАЗАРЫНДА

azatmedia

КӘСІБИ МЕРЕКЕГЕ ОРАЙ САЛТАНАТТЫ ЖИЫН ӨТТІ

azatmedia

ТҮРКІСТАН: АССАМБЛЕЯ ЖАСТАРЫ ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНДЕГІ «ҮШ БӘЙТЕРЕК»-ТІ ҰЛЫҚТАДЫ

azatmedia