Ақпарат

Парламент өкілдерінің өңірлердегі жұмыс кездесулері басталды

Түркістан өңіріне Парламент өкілдерінің өңірлердегі жұмыс кездесулері басталды. Түркістан облысына жұмыс сапарымен келген Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшелері Қайрат Балабиев, Нұрсұлтан Байтілесов, Темір Қырықбаев, Ұласбек Сәдібеков бүгін Сайрам ауданының шалғай елді мекендерінде ашылған жаңа шаруашылық кешендерінің жұмысымен танысты.

Балық өсірумен айналысатын кәсіпкер балық түрлерін дамыту, оның жемін өндіру, тоғандық балық шаруашылығының тиімділіктері, суды үнемді пайдалану, несие беру мәселелері бойынша ұсыныстарын білдіріп, осы бағыттарда жүйелі мемлекеттік саясатты орнықтыру мәселесін көтерді. Кәсіпкердің ұсыныстарын депутаттар салалық орталық мемлекеттік органдарға жеткізетін болды.

«Депутат ретінде халықпен кездесіп, азаматтар көтерген өзекті мәселелерді жинақтап отырмыз. Азаматтар көтерген барлық сұраныстарды Үкімет пен орталық мемлекеттік органдар алдында көтеретін боламыз. Биыл Түркістан облысы үшін табиғи қуаңшылық үлкен мәселеге айналып отыр. Мәселен, Бәйдібек ауданындағы шаруа 1 мың гектар жері оруға келмейтінін айтып, 78 млн. теңге көлеміндегі несиенің өтеу мерзімін ұзарту бойынша көмек сұрап келді. Мемлекет ауыл шаруашылығын дамытуға үлкен мән беріп отыр. Біз шаруаларды қиындықпен жалғыз қалдырмауымыз қажет. Созақ ауданында тұрғындар газ мәселесін көтерді, Кентаудағы өндіріс орындары да өзекті мәселелерін жеткізді, қаладағы Дарын мектебіне қатысты өтініштерін білдірді. Бүгінгі кездесуде банан шаруашылығын аралап көрдік. Осы бастаманы іске асырып жатқан кәсіпкерді қоғам болып қолдауымыз қажет. Балық шаруашылығының жұмысымен таныстық, кәсіпкер несие беру мәселесін қозғады. Осы санаттағы барлық сұраныстардың шешім табуы назарымызда болады», – деді Мәжіліс депутаты Ұласбек Сәдібеков.

«Бұл кездесулердің мақсаты – «AMANAT» фракциясы бастамашыл болған заңдардың пайдасын жұртшылыққа түсіндіру. Мемлекет басшысының Жарлығымен биыл Жұмысшы мамандықтары жылы болып жарияланды. Атаулы жылға орай, кәсіпорындардың, шаруашылықтардың жұмысымен танысып, болашағынан үміт күттіретін кәсіби мамандарды партиялық қызметке тартуды мақсат етіп отырмыз. Біз өз ісінің білікті маманы болып табылатын жастарға қолдау көрсетуіміз қажет. Партия берген уәделердің, Сайлауалды бағдарламаның орындалуы да ұдайы назарымызда. Осыдан үш жыл бұрын Мәжілістің спикері, партиямыздың Төрағасы Ерлан Жақанұлы жылыжай шаруашылықтарының жұмысымен танысып, олардың өзекті мәселелерін тыңдаған болатын. Қазір жылыжай шаруашылықтарындағы барлық мәселе шешілді. Сала қарқынды даму жолына түсті. Оған дәлел бүгінгі – банан өсіретін жылыжай шаруашылығының жұмысы. Елімізде жаңа су кодексі қабылданды, балық шаруашылығын дамытуға мүмкіндік беретін құқықтық механизмдер түзілді. Нәтижесінде еліміз бойынша балық шаруашылығы іргелі қадам басып келеді», – деп атап өтті Парламент Мәжілісінің депутаты Қайрат Балабиев.

Бүгінгі кездесуде айтылған барлық ұсыныстар мен өтініштердің нақтылы іске асырылуында «AMANAT» партиясының Түркістан облыстық филиалы белсенді қызметін жалғастыратын болады. 

Қатысты жаңалықтар

ДӘРІГЕРЛЕР АЭС САЛУДЫ ҚОЛДАЙДЫ

azatmedia

23,2 МЛН ТЕҢГЕНІҢ ӨНІМІНЕ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ҚОЛДАУ КӨРСЕТІЛДІ

azatmedia

КЕНТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ДАМУ БАСТАМАЛАРЫНА ҚОЛДАУ КҮШЕЙЕДІ

azatmedia