Ақпарат

ҚАЗЫҒҰРТ: ҮШБҰЛАҚ АУЫЛЫНДАҒЫ АРДАГЕРЛЕР АЛЛЕЯСЫ АБАТТАНДЫРЫЛДЫ

Қазығұрт ауданының Қарабау ауылдық округіне қарасты Үшбұлақ ауылында «Таза бейсенбі» экологиялық акциясы өтті. Игі бастама ауылдағы Ардагерлер аллеясын тазалау және абаттандыру мақсатында ұйымдастырылды. Бұл жер – ел тарихына елеулі үлес қосқан ардагерлерді ұлықтайтын қасиетті орын.

Акцияға «AMANAT» партиясы Қазығұрт аудандық филиалының төрағасы Есімхан Исақұлов, Қарабау бастауыш партия ұйымының төрағасы Еркін Ахметов және партияның белсенді мүшелері атсалысып, тазалық жұмыстарын жүргізді.

Шара барысында аллея аумағы толықтай қоқыстан тазартылып, ағаш түптері әктелді, гүлзарларға су құйылып, көгалдарға күтім жасалды. Қатысушылар қоршаған ортаны таза ұстаудың маңыздылығын насихаттап қана қоймай, аллеяны көркейтуге қатысты келешек жоспарлармен де бөлісті.

Мұндай шаралар тек санитарлық тазалықпен шектелмей, қоғамдық сананы тәрбиелеуге, жастардың бойында туған жерге деген сүйіспеншілікті арттыруға да үлес қосады. Ардагерлерге деген құрмет пен ұрпақтар сабақтастығын насихаттау – акцияның басты мақсатының бірі болды.

«Таза бейсенбі» акциясы Үшбұлақ тұрғындарының ауызбіршілігін, патриоттық рухын тағы бір мәрте айқындап, қоршаған ортаны күтіп ұстаудың үлгісін көрсетті. Бұл бастама алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады.

Қатысты жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ТӨРІНДЕ КЕЛЕС АУДАНЫНЫҢ МӘДЕНИ КҮНДЕРІ БАСТАЛДЫ

azatmedia

НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ ТҮРКИЯЛЫҚ ИНВЕСТОРМЕН ЗАУЫТ АШУ МӘСЕЛЕСІН ПЫСЫҚТАДЫ

azatmedia

ТҮРКІСТАН: ӨНДІРІС ОРЫНДАРЫН КӨБЕЙТУ МӘСЕЛЕСІ КҮН ТӘРТІБІНЕН ТҮСПЕЙДІ

azatmedia