Ақпарат

ТҮРКІСТАНДА ЖАСТАР АРАСЫНДАҒЫ ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ БАСТЫ НАЗАРДА

Бүгінгі басты міндеттердің бірі – жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу мен жол бермеу. Осыған орай Түркістан қалалық Полиция басқармасының қызметкерлері қала жастарымен кездесті.
Қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын-алу, қылмыстың өсуіне жол бермеу, жастардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында өткізілген бұл шарада жасөспірімдерге қылмыс істегені үшін жауапкершіліктердің түрлері түсіндірілді.
▫️Аталмыш шараға қала әкімінің орынбасары М.Қырықбаев, Түркістан қалалық полиция басқармасының бастығының м.а Н.Мұратов, аға прокурор Д.Әлі, қалалық мәслихат депутаты Б.Абдусейітов және жеке құрам қызметкерлері, жоғары сынып оқушылары мен мұғалімдері қатысты.
Кездесу соңында «кәмелет жасына толмағандармен және оларға қарсы жасалатын қылмыстардың профилактикасы» бойынша слаидтық көрсетілім ұсынылып, жауаптыларға тиісті тапсырмалар берілді.

Қатысты жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КЕЗЕКТІ БАУЫР ТРАНСПЛАНТАЦИЯСЫ СӘТТІ ӨТТІ

azatmedia

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «ТАЗА ҚАЛА» МЕН «ТАЗА АУЫЛ» АКЦИЯЛАРЫ ӨТІП, 2 МЫҢ ТОННА ҚОҚЫС ШЫҒАРЫЛДЫ

azatmedia

ТҮРКІСТАН: ОТЫРАР АУДАНЫНДА АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫ 100 МЫҢ КӨШЕТ ЕГУДІ ЖОСПАРЛАП ОТЫР

azatmedia