Мәдениет

КЕНТАУДА БАЛАЛАРДЫ ҚОРҒАУ КҮНІНЕ ОРАЙ СУРЕТ БАЙҚАУЫ ӨТТІ

Кентау қаласында Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Балалар сыбайлас жемқорлыққа қарсы» атты сурет байқауы ұйымдастырылды. Байқауға 6-16 жас аралығындағы қала бүлдіршіндері қатысты. Шараға жалпы 33 жас суретші адалдық пен әділдікті дәріптеп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарастарын сурет арқылы жеткізді. Қатысушылар шығармашылық ойлау қабілеттерін көрсетіп, байқауға ерекше ықыласпен қатысты.

Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздарға арнайы сыйлықтар табысталды. Марапаттау рәсімінде Кентау қаласы әкімінің орынбасары Ақнұр Байболова сөз сөйлеп, балаларға шығармашылық табыс пен жарқын болашақ тіледі. Іс-шара Кентау қалалық ішкі саясат бөлімінің қолдауымен және «Түркістан облысының Азаматтық Альянсы» заңды тұлғалар бірлестігінің ұйымдастыруымен өткізілді.

Қатысты жаңалықтар

ШЫМКЕНТТЕ ҮЗДІК ҰЛТТЫҚ КИІМ ҮЛГІЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

azatmedia

ҚАЗЫҒҰРТТА «ДОСТЫҚ КЕРУЕНІ» ЖОБАСЫН ІСКЕ АСЫРУ БОЙЫНША КЕЗДЕСУ ӨТТІ

azatmedia

Домбыра күніне орай бірқатар шаралар өткізілді

azatmedia