Ақпарат

КЕЛЕСТЕ «АУЫЛ FEST – БІРЛІК ПЕН БЕРЕКЕ МЕКЕНІ» АТТЫ МЕРЕКЕЛІК ШАРА ӨТТІ

Келесте аудандық «Жастар ресурстық орталығының» ұйымдастыруымен ұлттық салт-дәстүр мен құндылықтарды насихаттауға бағытталған «Ауыл Fest – Бірлік пен Береке мекені» атты шара өтті.Шараның басты мақсаты – ауыл жастарының белсенділігін арттыру, ұрпақтар сабақтастығын сақтау және ұлттық құндылықтарды дәріптеу. Шара барысында арқан тарту, ләңгі тебу, садақ ату, қошқар көтеру, қамыр ашыту, таба нан пісіруден жарыстар ұйымдастырылып, ауыл тұрғындарының қызу қолдауына ие болды.Сондай-ақ, жиын барысында ән мен күй әуелеп, ұлттық тағамдардың дәмі мен спорттық ойындар көрермендерге ерекше әсер қалдырды. Жастар мен аға буынның бір арнада тоғысуы – ауылдағы ауызбіршіліктің айқын көрінісіне айналды. Іс-шара соңында жеңімпаздарды марапаттау рәсімі өтті. Жарыс нәтижесінде “Қошқарата” ауылының жастар командасы 1-орынды иемденсе, “Ошақты” ауылының өрендері 2-орынға жайғасты. Үздік үштікті “Жамбыл” ауылының жастары қорытындылады.

Қатысты жаңалықтар

АУЫЛДЫҢ АЖАРЫН АШАТЫН НЫСАНДАРДЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ – ПАРТИЯ БАҚЫЛАУЫНДА

azatmedia

ҚАЗЫҒҰРТТЫҚ ЖАС СПОРТШЫЛАР ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДАДА ЖЕҢІСКЕ ЖЕТТІ

azatmedia

МӘШҺҮР ЖҮСІП ЕЛДІ МЕКЕНІНДЕ ҚОСЫМША СУ ҰҢҒЫМАСЫ ҚАЗЫЛУДА

azatmedia