Үкіметтің арнайы қаулысымен 10 тамыз — «Абай күні» болып бекітіліп, мемлекеттік мерекелер күнтізбесіне енгізілді.
Ұлы ақын, ғұлама, ойшыл, ағартушы, аудармашы, композитор, қазақ халқына біткен бірегей тұлға Абай Құнанбайұлының туылған күні ұлтымыз үшін ұлық мереке саналары сөзсіз!
«Абай күні — ғылым мен білімнің шырағы жанған күн» деп бекер айтылмаса керек. Абай – тұтастай адамзат ой-танымын жаңғыртуға жол сілтеген шамшырақ, әлемдік деңгейдегі кемеңгер.
Жаңа заманның, өркениеттің бастауы болған, қоғамдық сананың ілгерілеуіне қызмет еткен Абай болмысы қашанда үлгі. Осы орайда Қазығұрт аудандық мәдениет мекемелерінде Ұлы ақынның туған күніне орай бірқатар шарлаар ұйымдастырылып өткізілді.
Халқымыздың ұлы тұлға перзенті Абай Құнанбайұлының бізге мұра болып қалған еңбектерін, сонымен қатар көзі қарақты жастарға салт пен сананы, өркениетке жетелеп, қараңғылықтан шығарар білім мен тәрбиені түсіндірген ұлы дара кемеңгер, адамзат ойының асқақ шыңын бағалайтын асқар тұлға екенін жас ұрпаққа насихаттау мақсатында Қазығұрт аудандық мәдениет сарайына қарасты Көкібел ауылдық мәдениет үйінде “Абайдың сөзі-қазақтың бойтұмары!” тақырыбында тарихи, әдеби-сазды кеші өткізілді. Іс-шарада мәдениет үйінің қызметкерлері Абай Құнанбайұлының шығармаларынан үзінді оқып, “Желсіз түнде жарық ай”, “Көзімнің қарасы” әндерін ұлттық аспапта нақышына келтіре орындап көрермен ықыласына бөленді.
Ұлы дана, ойшыл, сазгер Абай Құнанбаевтың мол мұрасын насихаттау арқылы адамгершілікке, еңбекқорлыққа, адалдыққа баулу. Білімге деген құштарлығын арттыру мақсатында 10 тамыз «Абай күніне» орай Қазығұрт аудандық мәдениет сарайына қарасты Үшбұлақ ауылдық клубында «Ұлы халықтың-Ұлы Абайы» атты поэзия кеші өтті.
Қазығұрт аудандық мәдениет сарайына қарасты Қақпақ ауылдық мәдениет үйінде Абай Құнанбаевтың 179 жылдығына орай «Ұлы дала данасы» атты ой-бөлісу кеші Абайдың даналығын, өлеңдері мен қара сөздерін дәріптей отырып, жастарға үлгі ету, оқуға баулу және насихаттау мақсатында өткізілді. Қақпақ ауылдық әжелер алқасының төрайымы, қазақ тілі,әдебиет пәнінің мұғалімі болған,зейнеткер ұстаз Сәрсенбаева Ұлбосын Әйметқызы Абай жайында кеңінен тоқталып жастайынан білім қуғанын, кемеңгер адам болғанын айтып өтті. Ой-бөлісу кешінде ауыл тұрғындары, ауыл жастары және әжелер Абайдың қара сөздері мен өлеңдерін жатқа айтты.
Тағылымдық, танымдық қасиеттерге бай, өзінің ағартушылық мақсатына сәйкес әдеби шығармасы арқылы тәрбие құралы ретінде қалам тартқан Абай өнегесі жас ұрпақ үшін тәлімі орасан зор. Бар сұлулықты, эстетикалық көркемдікті бойына жинаған Абайдың шығармалары жастарымызды рухани биіктерге жетелеп, болашаққа деген құштарлыққа ұмтылдырады. Абай өнегесі арқылы жас ұрпақты дана ақынның сөз шеберлігі, даналық ойлары, парасаттылығы арқылы тәрбиелеу мақсатында 10 тамыз Абай күніне орай жастардың қатысуымен Қазығұрт аудандық мәдениет сарайына қарасты Рабат ауылдық мәдениет үйі мен Жаңабазар ауылдық мәдениет үйінде А.Құнанбайұлының 179 жылдығы аясында «Абайым ақындықтың пайғамбары» атты поэзия кеші өтті.
Қазығұрт аудандық мәдениет сарайына қарасты Шарапхана ауылдық мәдениет үйінде ұлы дана, ойшыл, сазгер Абай Құнанбаевтың мол мұрасын насихаттау мақсатында Абай Құнанбаевтың 179 жылдығына арналған «Қазағымның мақтанышы ұлы Абай» атты поэзия кеші өтті. Поэзия кешіне ауыл ақсақалдары мен ақ жаулықты әжелер қатысты. Абай Құнанбаевтың қара сөздері, өлеңдері мен әндері орындалды. Іс-шараны қорытындылай келе Абай атамыздың жолын берсін деген мақсатта жастарға Бердияров Сатыбалды ақсақал ақ батасын берді.
Қазығұрт аудандық мәдениет сарайына қарасты Қызылқия ауылдық мәдениет үйінде Абай Құнанбаевтың 179 жылдығы аясында 10 тамыз Абай күніне орай Абай әндері мен шығармаларын насихаттау мақсатында ауыл округіне қарасты әжелер ұжымы, үйірме өнерпаздарының қатысуымен «Қалың елім,қазағым қайран жұртым «атты әдеби сазды кеші болып өтті. Іс-шарада «Жұлдыздар»халықтық би ансамблінің орындауында концерттік бағдарлама бастау алып ән, домбыра үйірмесі өнерпаздары Абай шығармаларынан көрерменге тарту етті.
Абай өнегесі мен парасаттылығын, шығармалары арқылы жас ұрпақты тәрбиелеу мақсатында 10 тамыз Абай күніне орай Қазығұрт аудандық мәдениет сарайына қарасты М.Өтемісұлы клубының ұйымдастыруымен А.Құнанбайұлының 179 жылдығы аясында «Абай-дана, Абай-дара» атты поэзия кеші өтті.
Қазығұрт аудандық мәдениет сарайына қарасты Алтынтөбе ауылдық клубында кемеңгер, ойшыл, сазгер Абай Құнанбаевтың мол мұрасын насихаттау мақсатында Абай Құнанбаевтың 179 жылдығына арналған «Дара тұлға Абай» атты ой-талқы кеші өтті.
Қазығұрт аудандық мәдениет сарайына қарасты Қарабау ауылдық клубының ұйымдастыруымен Абай Құнанбаевтың 179 жылдығына орай «Ұлы ақын Абай» атты тарихи кеші өтті. Тарихи кеш арқылы ұлы Абайдың қара сөздерінің мәнін ұғындыру, шығармалары арқылы сөйлеу мәдениетін нығайту, Абай өнегесін насихаттау. Жас ұрпақты туған жерін, елін құрметтеуге тәрбиелеу мақсатында өтті.
Ақын, ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер, қазақ мәдениетін жаңартуды көздеген, жас ұрпақты имандылыққа, адамгершілікке, ғылым-білім үйренуге шақырған А.Құнанбайұлының шығармалары мен өнегесін насихаттау, тағылымы мол танымдық қасиеттерге бай қазақ әдебиеті мен өнерге деген көзқарасының қалыптасуына ықпал жасай отырып жас ұрпақты тәрбиелеу мақсатында А.Құнанбайұлының 179 жылдығы 10 тамыз Абай күніне орай Қазығұрт аудандық мәдениет сарайында «Ұлы Абайдың аманаты» атты әдеби-сазды кеші өтті.
Абай тағылымы мен өнегесі, өнері мен шығармалары арқылы жас ұрпақты тәрбиелеу мақсатында 10 тамыз Абай күніне орай Қазығұрт аудандық мәдениет сарайына қарасты Шарбұлақ ауылдық мәдениет үйінде А.Құнанбайұлының 179 жылдығына орай «Әлем таныған ұлы-Абай» атты іс-шара өтті.