Ақпарат

Түркістан: Қоғамдық кеңестің отыз алтыншы отырысы өтті

Түркістан облыстық Қоғамдық кеңесінің отыз алтыншы отырысы өтті.

Кеңес отырысын облыстық Қоғамдық кеңес төрағасы Б. Жылқышиев ашып, жүргізіп отырды.

Күн тәртібіндегі «Түркістан облысының Шардара ауданында балық шаруашылығы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру туралы есеп» бойынша Түркістан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Қ.Әбдуалиев, Шардара ауданы әкімінің орынбасары С.Ильясов баяндама жасады. Қосымша баяндамамен Қоғамдық кеңесінің бюджет және экономикалық дамуы жөніндегі комиссия төрағасы Б.Жақыпов облыстағы балық шаруашылығының жағдайына жалпы сипаттама беріп, бұл саладағы кейбір маңызды мәселелерге тоқталып, кемшіліктерге назар аударып, бірқатар ұсынымдар мен ұсыныстар берді.

Қоғамдық кеңес мүшелері баяндамаларды талқылау барысында сұрақтар қойып, ұсыныстарын айтып, өз пікірлерін білдіріп отырды.

Сонымен қатар кеңесте:

– «Түркістан облысы әкімдігінің 2023 жылғы 6 сәуірдегі № 52 «Түркістан облысының дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы» қаулысына толықтыру енгізу туралы» Түркістан облысы әкімдігінің қаулы жобасы;

– «Түркістан облыстық мәслихатының «Түркістан облысының халқын орталықтандырылмаған ауызсумен жабдықтау кезінде жер үсті және жер асты су объектілерінен су алу Ережесін бекіту туралы» 2019 жылғы 9 желтоқсандағы № 44/476-VI шешіміне өзгеріс енгізу туралы» Түркістан облыстық мәслихатының шешім жобасы;

– «Түркістан облысы әкімдігінің 2023 жылғы 30 қаңтардағы № 14 «Түркістан облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы» қаулысына толықтыру енгізу туралы» Түркістан облысы әкімдігінің қаулы жобасы;

– «Түркістан облысы әкімдігінің 2022 жылғы 21 қарашадағы № 230 «Түркістан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы» қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Түркістан облысы әкімдігінің қаулы жобасы;

– «Түркістан облысы әкімдігінің 2024 жылғы 24 маусымдағы № 126 «Түркістан облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы» қаулысына толықтыру еңгізу туралы» Түркістан облысы әкімдігінің қаулы жобасы,

– «Түркістан облысы әкімдігінің 2022 жылғы 21 қарашадағы № 228 «Түркістан облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы» қаулысына толықтыру енгізу туралы» Түркістан облысы әкімдігінің қаулы жобасы;

– «Түркістан облысының ауылдық елді мекендеріндегі аса тапшы медициналық мамандықтардың кейбір мәселелері туралы» Түркістан облысы әкімдігінің қаулы жобасы;

– «Түркістан облысы әкiмдiгiнiң 2023 жылғы 20 ақпандағы № 26 «Түркістан облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы» қаулысына толықтыру енгізу туралы. Түркістан облысы әкімдігінің қаулы жобасы;

– «Түркістан облысы әкімдігінің 2023 жылғы 21 ақпандағы № 33 «Түркістан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы» қаулысына толықтыру енгізу туралы» Түркістан облысы әкімдігінің қаулы жобасы;

– «Түркістан облысы әкiмдiгiнiң 2023 жылғы 21 ақпандағы № 32 «Түркістан облысының ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы» қаулысына толықтыру енгізу туралы» Түркістан облысы әкімдігінің қаулы жобасы;

– «Түркістан облысы әкімдігінің 2024 жылғы 01 шілдедегі № 133 «Түркістан облысының туризм басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы» қаулысына толықтыру енгізу туралы» Түркістан облысы әкімдігінің қаулы жобасы;

– «Түркістан облысы әкімдігінің 2023 жылғы 21 ақпандағы № 29 «Түркістан облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» мемлекеттік мекемесінің Ережені бекіту туралы» қаулысына толықтырулар енгізу туралы» Түркістан облысы әкімдігінің қаулы жобасы;

– Түркістан облысы әкімдігінің 2024 жылғы 1 шілдедегі № 134 «Түркістан облысының мәдениет басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы» қаулысына толықтыру енгізу туралы» Түркістан облысы әкімдігінің қаулы жобасы;

– ««Түркістан облысының жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы» Түркістан облысы әкімдігінің қаулы жобасы;

– «Түркістан облысындағы жергілікті жағдайларға және көрсетілген жерді пайдалану ерекшеліктеріне байланысты меншікке немесе жер пайдалануға берілетін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің ең аз мөлшерін белгілеу туралы» бірлескен Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімдігінің 2014 жылғы 28 сәуірдегі № 100 қаулысына және Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2014 жылғы 15 сәуірдегі № 26/210-V шешіміне өзгеріс енгізу туралы» бірлескен Түркістан облысы әкімдігінің қаулы және облыстық мәслихат шешім жобасы.

– Азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін дәрілік заттарды, арнайы емдік өнімдерді және медициналық бұйымдарды қосымша беру туралы»Түркістан облыстық мәслихатының 2021 жылғы 21 сәуірдегі №5/48-VIІ шешіміне толықтырулар енгізу туралы» Түркістан облыстық мәслихатының шешім жобасы.

Ұсынылған жобалар бойынша Қоғамдық кеңес мүшелері тиісті келісімдер берді.

Қатысты жаңалықтар

ЕҢБЕК ҰЖЫМДАРЫНДА МАҒЫНАЛЫ КЕЗДЕСУЛЕР ӨТТІ

azatmedia

ЕҢ МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕ

azatmedia

ЕШКІМ ДЕ, ЕШТЕҢЕ ДЕ ҰМЫТЫЛМАЙДЫ

azatmedia