Ақпарат

ЖАҢА МАЗМҰНДАҒЫ ЭНЕРГОКЕШЕН ҚАЛЫПТАСАДЫ

Жетісай аудандық Халықтық штаб мүшелерінің «AMANAT» партиясының аудандық филиалына қарасты «Жолдыбай Ералиев» бастауыш партия ұйымының үйлестіруімен ауыл тұрғындарымен кездесу жиыны болып өтті. Жиында елімізде АЭС салу бойынша өтетін жалпыхалықтық референдумға шығарылып отырған басты мәселе бойынша сала мамандары білдіріп жатқан эксперттік пікірлер жөнінде хабарламалар жасалды.Аудандық штаб мүшелері Е.Ералиев, Б.Ділдабаев, О.Қаныбеков, Г.Саржанова еліміздің энергияға деген қажеттілігін қамтамасыз етуде қолда бар мүмкіндіктер туралы мамандар айтып жатқан деректерді келтірді. Еліміздің оңтүстік аймағында электр энергиясымен байланысты күрделі ахуал қалыптасып жатқанын хабарлап, салалық министрлік жариялаған ресми ақпардан хабар берді. Атом энергетикасының тиімділігі, экологиялық тазалығы, технологиялық ерекшеліктері туралы кәсіби энергетик, физик мамандардың, ғалымдардың пікірлерінен мағлұматтар келтіріп, жаңа энергетикалық жүйені қалыптастыратын бастама туралы кеңінен айтып берді.Тұрғындармен пікір алмасуда Қазақстанда алғаш атом электр станциясының салынуы тұтастай алғанда экономиканың дамуына серпін беретіні айтылды. Қуат көзінің жеткілікті болуы өндірістің дамуына, оның ішінде жаңа өндіріс желілерін іске қосуға айтарлықтай үлес қосатынына мән берілді. Экологияға зиянды көмір жағатын жылу орталықтарынан бірте-бірте бас тартып, мүлде жаңа сипаттағы энергия өндірісін жолға қоятыны баса айтылды.Тұрғындар еліміздегі энергокешеннің бүгінгі ахуалына алаңдаушылығын білдіріп, отандық энергетика саласына түбегейлі өзгеріс әкелетін жаңа бастаманы қолдауға әзір екендіктерін білдірді.

Қатысты жаңалықтар

МАҚСАТ – ТҮРКІСТАНДЫ ТӨРТ ҚҰБЫЛАМЕН ТЕҢЕСТІРУ

azatmedia

Кезекте тұрған келестіктерге жер телімі беріледі

azatmedia

ЭНЕРГИЯ ТАПШЫЛЫҒЫН ЖОЮДЫҢ БІРДЕН БІР КӨЗІ

azatmedia