Ақпарат

Нұр-Сұлтаннан Алматыға бағыт алған SCAT ұшағы құспен соқтығысып қалды

самалет

Елордадан Алматыға бағыт алған SCAT әуе компаниясының ұшағы аспанда құспен соқтығысып қалды деп хабарлайды Azatmedia.kz әуе компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Оқыс жағдай DV 734 «Нұр-Сұлтан – Алматы» рейсімен болған. Компания баспасөз қызметінің мәліметіне сәйкес, аспанға көтерілмес бұрын ұшақты тексерген сәтте одан құстың іздері табылған.

Баспасөз қызметіндегілер ұшақ Алматыға штаттық режимде қондырылғанын алға тартты.

«Рейс барысында экипаж бөгде шуылдың ұшақтан естілгенін байқады. Алайда ұшу барысында ұшақ қозғалтқыштарының көрсеткіштерінен ешқандай ақау болмаған. Ұшу эксплуатациясының бекітілген нұсқаулығына сәйкес, экипаж Алматы әуежайы диспетчеріне болған жайтты хабарлады», – дейді SCAT өкілдері.

Компания ұшақтың еш жері сынбағананын мәлімдеді. Бүгінде техникалық қызмет көрсету шарттарына сәйкес, ұшақ толық тексерістен өтуде.

Еске салсақ, бұған дейін 27 тамыз күні Қазақстан мен Түркия арасындағы рейстер қайта жанданатынын жазған едік. Коронавирус індетімен байланысты эпидемиологиялық жағдайдың ушығуына байланысты Түркия 5 тамызда Қазақстаннан келетін жолаушыларға шектеу қойған болатын. Рейстер кестесін әуе компанияларының сайттарынан көруге болады.

Қатысты жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДЫҚТАР СУ БАСҚАН АЙМАҚТАРҒА БАРЫНША КӨМЕК КӨРСЕТІП ЖАТЫР

azatmedia

БАЛАЛАР СПОРТЫ МЕН БҰҚАРАЛЫҚ СПОРТТЫ ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ҚАРАЛДЫ

azatmedia

АҚПАРАТТЫҚ-НАСИХАТТЫҚ ТОП МАҚТААРАЛ АУДАНЫНА ҚАРАСТЫ МЫРЗАКЕНТ КЕНТІ ЖӘНЕ ИІРЖАР АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

azatmedia

Пікір қалдыру