Шәкиров Нұрғали – Абайқорған ауыл округінің ветеринар бекет меңгерушісі. Түркістан қаласының тумасы. 2008 жылда еңбек жолын бастаған, бұл салаға әке жолын қуып келген. Қай заманда болмасын халқымыз ұстаз деген ұлы есімді ардақтаумен келеді. Қоғамда ұстаздардың өзіндік алар орны ерекше. Дүниедегі мамандық атаулының ең жоғарғы төресі-ұстаздық ету. Ұстаз-шәкірттің сана-сезіміне өзінің өмір жолынан жинаған білім нәрін сіңіреді, оны қолдану кезінде көмектеседі, қолдайды. Болашақ ұрпақтардың саналы түрде ойлап,қалыптасуын бақылайды. Елімізге қажетті барлық мамандықтар осы ұлы тұлғалардың алдынан өтті. Ұстаз деген ұлы есімді кішкентай кезімізден бастап құрметтеп келеміз,әрі қарай да одан жоғары болмаса,кем болмасы анық.
Адамның адамшылығы — жақсы ұстаздан» деп Абай атамыз айтқандай, мұғалім білімі мен өнегесі оқушының болашақ азығы болып табылады. Жақсы ұстазға кезігіп, тәлім-тәрбие алған жас шәкірт өмір жолында мойымай күресіп, болашақта бағытынан таймасы белгілі. Ұрпақ болашағы, халқымыздың келешегі қазіргі ұстаздардың қолында. Одар салып берген сара жолмен ханда, бала да жүреді. Еліміз гүлденіп,халқымыз көтеріліп жатқан сәтте-оны ары қарай алып кету үшін жас ұрпаққа білім негіздері мен тәрбие көздері қажет. Осы егеменді, тәуелсіз Қазақстанда ынтымақтастыққа бастар жолдың бастауы мектеп болса, мектептің басты тұлғасы-мұғалім. Жаһандану заманында ұлт¬-тық бәсекеге қабілетті болудың көр¬сет¬кіші – білім деңгейімен өлше¬неді. Білім деңгейін тек мұғалім ғана көтере алары анық. Ал енді осы орайда айтарым,-Ел болашағына нақты қадам салып берген ұстаздарымызға мың алғыс. Оларсыз күнімізді елестету мүмкін емес.
Жалпы отбасында, өмірде әкенің алатын орны бөлек екені белгілі. Әке – сол шаңырақтың бар ауыртпалығын көтеретін, асырап-бағуға да, жақсы тәлім-тәрбие беруге де міндетті адам. Әке – бала үшін асқар тау. Әке қамқорлығы дегеніміз – отбасы мүшелерін әртүрлі пәле-жаладан қорғап отыратын қасиетті ұғым. Сондықтан әкені сыйлау, оған үлкен құрметпен, ілтипатпен қарау баланың парызы болмақ. Ақын Жарасқан Әбдірашевтың әке десе – ауылы, ауыл десе – әкесі есіне оралатын перзенттік жүрегі дамылсыз соққан. Қашан да қамқор болған сан үмітке, Өтермін сақтауменен салтыңды әсем. Көнбей ме көңіл шіркін кәрілікке, Өкпелеп қалмайсың ба «қартым” десем! Ақын үшін, «бір ауылдың бәйтерегі» – өмірдің ащы-тұщысын халқымен бірге татқан әкесі. Сондықтан ол әкеден алатын тәрбие де салиқалы болмақ. Әке – ұрпақтың панасы, үйдің басшысы, әрі тәрбиешісі. Ол тек бір отбасының ғана емес, ауылдың, рудың қамқоршысы, ел ағасы. Өмірге келген баланың әрбір сәтті қадамы әке үшін үлкен мәртебе, зор мақтаныш болмақ. Сондықтан да әке ақылымен жүру, ешкімнің ала жібін аттамай, адал ғұмыр кешу баланы тек жақсы болашаққа ғана әкеледі. «Әкеге бағыну – аллаға бағыну» депті Мұхаммед пайғамбарымыз. Демек, әкені ренжітпей оның айтқанының үдесінен шығып отыру әрбір перзенттің басты парызы екен. Ақылы мен пайымы терең аналар балаларын үнемі әкесін сыйлап, құрметтеуге бейімдеп отырады. «Әкең ренжіп қалар», «Әкең жіберсе, бара ғой», «Әкеңе барып сәлем бер», «Әкеңнің керегін дайында» деп әкеге құрмет, қызмет етуге баланы жасынан дайындап отырса, мұндай отбасында әрдайым тәртіп, ынтымақ пен бірлік болуы сөзсіз. Әке ұл-қызын намысшылдыққа, елі, руы, қала берді өз бауырлары үшін еңбек етіп, өмір сүруге баулып отырады. Әкенің мейірімі мен талап қойғыштығының, еңбеккерлігінің бала тәрбиесіне ықпалы көп. МЕН әке жолын жалғастырдым.
Ұйымдастырушылық жұмыстарын Нұрғали мырзаға сеніп тапсырады екен.
Инені қайнату, қан алу, тұрғындармен байланыс орнату кейіпкеріміздің мойнына артылған. Алғашында үйреніп, бейімделіп кетуі қиынға соққан. Бірақ табандылығынығ арқасында тез игеріп кеткен.
Жұмс күні таңғы сағат 6 да басталады, көбінесе көктем мен күзде малды дәрілеп, оны қадағалап отырады. Азанда және кешкісін вакциина салады. Өріске барар алдында, сосын өрістен келгенде тексеріс жүргізеді, сараптама нәтижелерін базаға еңгізеді. Малдар арасындағы аурулар көктем және күз мезгілінде өрбіп кетеді, сол сәтте сақ болу керек, малдар өріске шыққандықтан бір-біріне ауруы тез жұғады.
«Малдар арасында көп кездесетін аурулар бруцеллез аусыл сібір жарасы.»
Иә, Бруцеллез – жануар мен адамдардың ауыр жұқпалы ауруы болып табылады. «Бруцелла» біріккен микробтар тобынан пайда болады. Бруцеллезбен барлық ауыл шаруашылық және үй жануарлары ауырады. Бірақ негізінен бруцеллез таралуында ұсақ және ірі қара мал маңызды рөл атқарады. Аса қауіпті, аурудың ауыр түрлеріне әкелетін қой мен ешкі бруцелла қоздырғышы болып табылады. Ірі қара мал бруцелласының қоздырғышы адам үшін аса қауіпті емес және ауру ағымы жеңілірек болады. Бірақ та науқас қойларымен бірге ұсталынған ІҚМ қой қоздырғышына шалдығуы мүмкін және адам үшін қауіпті болады.
Бруцеллез қоздырғышы жануарлар ағзасында өмір сүріп, көбейеді және сыртқы ортаға сүт, зәр шығару, төлдеу мен түсік арқылы бөлінеді. Сыртқы ортада бруцелла көпке дейін өмір сүреді. Мысалы, суда, топырақта, шөпте үш айға дейін; ірімшікте – 70 күнге дейін, етте – 40 күн, қатырылған өнімдер мен мұзда бірнеше ай бойы өмір сүре алады. Жоғары температураға бруцеллалар өте сезімтал және қайнату кезінде бірнеше секундта өліп қалады.
Адамға жұғу ауру малдарға қарау кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтамау, тамаққа зарарсыздандырылмаған сүт, сүт өнімдерін, етті қолданудан болады. Сол себепті сақ болыңыз және кездейсоқ сауда орындарынан азық-түліктерді алмаңыз, әрқашанда сатушыдан өнімге сапа куәлігін (сертификат) көрсетуді талап етіңіз.
Бруцеллез ауруы адам азғасында микробтардың жұғуынан кейін бірден әсер етпейді. Қой-ешкі бруцеллезінен пайда болған ауру кезінде науқаста дене қызуы, шаршағыштық, бас ауруы, тершеңдік, тәбетінің болмауы байқалады. Көбінесе науқастарда бұлшық ет пен буындар аурады. Бруцелла кейбір кездері бауыр мен көкбауырға әсер етеді, олардың көлемдері ұлғайып, ауру белгілерін береді.Көбінесе тізе және шынтақ буындары ауыратыны байқалады. Егер ауру белгілері жылдам дамитын болса, бруцеллез жіті ауру түрінде болады. Балаларда бруцеллез өте ауыр болады және асқынуы мүмкін, емделмеген ауру созылмалы болады. Бруцеллез – ауыр ауру. Сол себепті әрбір науқас адам уақытылы дәрігерге көріну, оның кеңестерін орындау алдын алудың белгісі болып табылатынын ескеру керек. Адам үшін бруцеллез көзі бруцеллезге шалдыққан мал екенін ескерсек, бұл бағытта сауықтыру шаралары жүргізілуі керек, ауру малдарды анықтау мен жою, сыртқы ортада микробтарды жою – бұл зарасыздандыру іс-шаралары, ауыл шаруашылық өнімдердің термиялық өңдеу, мал өнімдерін өңдеу мекемелерінде санитариялық-гигиеналық ережелерді сақтау. Мал шаруашылығымен айналысатын барлық жеке және заңды тұлғалар қолдағы барлық малды, әсіресе жаңадан сатып алған (әкелген) малды міндетті жергілікті әкімдікке тіркетуі, ветеринариялық ұйымдарға хабарлауы және шаруашылықтарда профилактикалық шаралардың атқарылуына көмек көрсетуге тиіс.
Бруцеллез ауруының белгілері: басында малдар түсік тастайды, сынары туспей калады. Ол тек қана қан алу аркылы анықталады.
Казіргі танда тәрбиелеп жаткан шәкірттері бар, оларға коятын талабы: жұмысын тиянақты істесе, жауапкершілікті сезінсе, немқұрайлы қарамаса, қоғам үшін пайдалы болса деген қалауы екен.