Ақпарат

МЕКТЕПТЕРДІ ЖАҢҒЫРТУ ЖАЙЫ ҚАРАЛДЫ

Бүгін «АМАNАТ» партиясы орталық аппаратының ұйымдастыруымен «Республика көлеміндегі мектептердің модернизациядан өткізілуі және «АМАNАТ» партиясының 2023-2027 жылдарға арналған Сайлауалды бағдарламасын орындау жөніндегі Жол картасындағы «Шығармашылық және интеллектуалдық нысандар ашу» бағыты бойынша атқарылған жұмыстары мен өзге де өзекті мәселелерді талқылау аясында Республикалық Партиялық бақылау комитетінің өңірлермен бейнебайланыс конференция мәжілісі өтті.
Мәжіліске «АМАNАТ» партиясы Түркістан облыстық филалы Атқарушы хатшысының орынбасары Қалыйма Жантөреева, Түркістан облысы білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Жандос Махамбетов, «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық партиялық бақылау комиссиясы төрағасының орынбасары Баймахан Сүлейменов, партияның облыстық филалының партиялық бақылау жөніндегі инспекторы Асқар Еркінбеков бейнебайланыс арқылы қатысып отырды.
Отырысты жүргізіп отырған республикалық партиялық бақылау комитетінің төрағасы Павел Казанцев партиялық бақылау барысында өңірлерде креативті индустрияға, мектептерді жаңғыртуға қатысты бірқатар нысандарда кездескен кемшіліктерді атап өтті. Одан соң, ҚР оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспан өзінің баяндамасында мәжілістің күн тәртібіндегі тақырып аясында елімізде балалардың шығармашылық және зияткерлік әлеуетін дамыту үшін жаңа ірі объектілерді ашу жұмыстарының барысы бойынша жұмыстарды атады.
Креативті индустрияны дамыту және мектептерді заманауи стандарттар бойынша жаңғырту бағытында орын алған олқылықтары бар бірқатар өңірлер аталған болатын. Жиында олардың қатарында болған Алматы қаласы мен Жетісу, Павлодар және Алматы облысы әкімдерінің орынбасарлары баяндама жасап, кездескен келеңсіздіктердің себептерін түсіндіріп, бүгінгі жай-күйін мәлімдеді.
Айта кетейік, Түркістан облысының білім басқармасы тарапынан Қазақстан Республикасы Президентінің «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі жол картасының 64 тармағына сәйкес шағын қалаларда, аудан орталықтарында және ауылдарда жыл сайын кемінде 108 мектепті заманауи стандарттар бойынша жаңғырту жоспарланған. Сонымен қатар, Президенттің биылғы Қазақстан халқына Жолдауында Республика көлемінде 1 300 мектепті жаңғырту тапсырмасына сәйкес облысымызда 115 мектеп тізімге енгізілген.

Қатысты жаңалықтар

ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНДА ТОҒЫЗ МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

azatmedia

ТҮРКІСТАН: ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТІҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

azatmedia

ЖЫЛУ ОРТАЛЫҒЫ ДЕПУТАТТАР НАЗАРЫНДА

azatmedia