Ақпарат

ЖЫЛУ ОРТАЛЫҒЫ ДЕПУТАТТАР НАЗАРЫНДА

Қылышын сүйретіп қыс та қыр астында тұр. Тура бір айдан соң қыстың алғашқы айы кіреді, дегенмен жылыту маусымы басталып қойды. Ал, кентаулықтардың жылу мәселесі жыл сайын жыр болатыны жасырын емес. Кезең-кезеңмен күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін республикалық бюджеттен қыруар қаржы қаралған “Кентау-Сервис” МКК-і 5 Жылу энергия орталығының жай-күйі жергілікті биліктің де, партияның да назарында.
«AMANAT» партиясы Кентау қалалық филиалының төрағасы А.Басаров және Кентау қалалық мәслихатының төрағасы Қ.Елеусизов бастаған аудандық мәслихаттың депутаттары Е.Аринов, Б.Худайбергенов, А.Шалданбаев “Кентау-Сервис” МКК-нің 5 Жылу энергия орталығының жылумен қамтамасыз ету жұмыстарымен танысты.
Айта кетейік, Кентау қаласындағы жылу орталығына 1956 жылдан бері күрделі жөндеу жүргізілмеген. Тозу деңгейі 85 пайыздан асқан. Сондықтан биыл 6 қазандықты қайта құру жұмыстары жүргізілуде. Дәл қазіргі таңда №8, 9, 10, 11 қазандықтардың жұмыстары толық аяқталған. Қалған екі қазандықта (№7, 12) құрылыс-монтаж жұмыстары кестеге сәйкес жүргізілуде. Бұдан бөлек, екі қазандықтың (№5, 6) ағымдағы жөндеу жұмыстары толық аяқталған. Қазіргі таңда жылыту маусымына 6 қазандық дайын. Демек, төрт қазандық қайта құрудан өтсе, екі қазандық ағымдағы жөндеуден өткен.
Кентау қаласын тұрақты жылумен қамту үшін 4 қазандық жұмыс атқарып жатыр. 2 қазандық резервте тұр. Мандат иелері бақылау барысында қазір таңда қоймада 21,530 мың тонна көмір бар екеніне көз жеткізді.
Сондай-ақ Кентау қаласындағы 6,6 шақырым магистралды жылу желілері қайта жаңартылған. 14,5 шақырым жылу желілерін реконструкциялау бойынша жоба әзірленіп, бюджеттік өтінім министрлікке ұсынылып отыр.

Қатысты жаңалықтар

СОЗАҚ АУДАНДЫҚ КӘСІПОДАҚ ҰЙЫМЫНЫҢ ХVII ЕСЕП-БЕРУ САЙЛАУ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ

azatmedia

ЕҢБЕК АДАМЫ – ЖАНӘБІЛОВА ГУЛЬВИРА УСІПХАНҚЫЗЫ

azatmedia

«Ұн қатты қымбаттап кетті» – тұрғындар неге алаңдауды?

azatmedia