«Қалың қалай бастауыш ұйым?» акциясы мен Еңбек күні мерекесіне орай «Түркістан облысы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Бердіғали Өмірәлі Түркістан облысы, Сайрам ауданы, Ақсукент ауылында орналасқан Сайрам ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің «Оқу-өндірістік комбинат» КММ-нің бастауыш кәсіподақ ұйымында кездесу өткізді. Кездесу барысында кәсіподақ төрағасы Бердіғали Өмірәлі ең алдымен, Кәсіподақтар федерациясы мен оның мүше ұйымдары әлеуметтік әріптестіктің барлық деңгейінде қызметкерлердің мүдделерін қорғауға ерекше назар аударатынын жеткізді. Еңбек ұжымдарына барып, қызметкерлердің нақты жағдайымен танысып, кәсіподақ мүшелерінің өзекті мәселелерін талқылау және оның шешу жолдарын қарастыруда осындай кездесулердің маңыздылығын атап өтті. Бұдан басқа, Кәсіподақтар Федерациясының бастамасымен 2024 жыл «Лайықты еңбек жылы» деп жариялануына орай, еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігін сақтау, еңбеккерлердің еңбек жағдайларын жақсарту мен оларды лайықты еңбекақымен қамтамасыз ету, ұжымдық еңбек дауларының алдын алу, еңбек қатынастарын реттеу бағытында атқарып жатқан жұмыстармен таныстырып, қатысушылармен еңбек ұжымындағы толғандыратын мәселелерді саралап, талқылады. Сонымен қатар, бұл кездесуде ел аумағында қызу талқыланып жатқан АЭС салу мәселесі де сөз етіліп, аталған тақырып кәсіподақ мүшелері арасында үлкен қызығушылық тудырды. Олар белсенді түрде сұрақтар қойып, өз пікірлерін білдірді. Жиын соңында Бердіғали Өмірәлі барша қатысушыларды алдағы келе жатқан Еңбек күні және Кәсіподақтар күні мерекесімен құттықтап, қатысушыларға өз алғысын білдірді.
Алдынғы жаңалық
Келесі жаңалық