Ақпарат

ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ «ҚОҒАМДЫҚ КЕЛІСІМ» КММ-НІҢ ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ

ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ «ҚОҒАМДЫҚ КЕЛІСІМ» КММ-НІҢ ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ Түркістан қаласында жаңадан бой көтерген «Достық үйінде» Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – ҚР Президенті Әкімшілігі ҚХА Хатшылығының меңгерушісі Марат Әзілханов Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-нің ұжымымен кездесу өткізді.Жиынға ҚР АҚДМ Қолданбалы этносаяси зерттеулер институтының директоры Талғат Қалиев, Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысы Ерлан Күзембаев, «Қоғамдық келісім» КММ-нің басшысы Эльмира Жанғазиева, сондай-ақ мекеме ұжымы мен аудан, қалалардағы филиал басшылары қатысты. Басқосуда Қазақстан халқы Ассамблеясының даму тұжырымдамасы, ҚХА-ның 30 жылдығын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі жоспары мен Ассамблеяның қоғамдық жобаларын іске асыру мәселелері талқыланды.Кездесу аясында ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов өңірдегі этносаралық татулықты, қоғамдық келісімді нығайтуға үлес қосып жүрген ұжымдағы бірқатар азаматтарды «Алғыс» төсбелгісімен және Құрмет Грамотасымен марапаттады.

Қатысты жаңалықтар

Новая подстанция в Шымкенте решит вопрос качественного электроснабжения целого массива

azatmedia

Қазақстанның қай жерінде демалуға болады?

azatmedia

ТҮСІНДІРУІ ЖАҚСЫ БАСТАМАНЫҢ ҚОЛДАУШЫЛАРЫ КӨП БОЛАДЫ

azatmedia