Ақпарат

ҚАЗЫҒҰРТ: АУЫЛ ЖОЛДАРЫНЫҢ САПАСЫ – БАСТЫ НАЗАРДА

Қазығұрт ауданының әкімі Азизхан Исмаилов жұмыс сапарымен Сарапахана ауылдық округінде болып, Майлыошақ елді мекеніндегі Келешек, Тұран, Шырбанов, Парасат көшелеріне жүргізіліп жатқан жолдарды орташа жөндеу жұмыстарының барысымен танысты.

Бүгінгі таңда Келешек көшесінің жалпы ұзындығы 3,0 шақырымды құрайды, оның 2,715 шақырымына асфальт төселіп, қалған бөлігінде жұмыстар жалғасуда, ал Шырбанов көшесінің жалпы ұзындығы 2,870 шақырым болса, қазіргі уақытта оның 1,54 шақырымына асфальт төселді.

Аудан басшысы аталған жобалардың уақытылы әрі сапалы орындалуын қамтамасыз ету мақсатында мердігер ұйым өкілдеріне және тиісті сала мамандарына нақты тапсырмалар жүктеді. Сонымен қатар, жол жөндеу барысында пайдаланылатын материал сапасына, жұмыс барысындағы техника қауіпсіздігі мен экологиялық талаптардың сақталуына ерекше көңіл бөлінуі қажеттігін қатаң ескертті.

Бұл жұмыстар Мемлекет басшысының халықтың тұрмыс сапасын жақсарту, елді мекендердің инфрақұрылымын жаңғырту жөніндегі тапсырмалары аясында жүзеге асырылып отыр.

Қатысты жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: «ДОСТЫҚ ҮЙІНДЕ» ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ «МЫҢ БАЛА» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖОБАСЫНЫҢ ОБЛЫСТЫҚ КЕЗЕҢІ ӨТТІ

azatmedia

ТҮРКІСТАН: НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕБІ СУ ТАСҚЫНЫНАН ЗАРДАП ШЕККЕНДЕРГЕ ГУМАНИТАРЛЫҚ КӨМЕК ЖОЛДАДЫ

azatmedia

САРЫАҒАШТЫҚ ШАРУА 24 ГЕКТАР КАРТОП АЛҚАБЫНА ТАМШЫЛАТЫП СУҒАРУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ЕНГІЗГЕН

azatmedia