«Еңбек адамы» айдарының кейіпкері – Алтынбекова Қасиет Қазығұрт ауданы Жаңабазар ауылында туған. Бірақ 1-сыныпты Кентау қаласы Ыбырай Алтынсарин атындағы жалпы орта мектепте бастаған. Оқуын сол мектепте тәмәмдаған. Сол жылы Қожа Ахмет Ясауи атындағы ХҚТУ медицина факультетінің жалпы медицина бөлімі бойынша оқуға қабылданған. 2002 жылы толығымен университетті бітіріп шыққан. 2002 жылдан бастап Шымкент қалалық ауруханасында жұмыс істей бастаған. 2003 жылдан бастап, “Дипломмен ауылға” бағдарламасы бойынша Созақ ауданына барып, 18 жылдай қызмет еткен. 2021 жылдан бастап Сауран аудандық емханасында жұмыс істеп келе жатыр, еңбек өтілі 22 жыл.
Бұл мамандыққа өзі қалап, армандап түскен. Кішкентай кезінде анасы қатты аурушаң болған, Касиет ханым 13 жасында анасынан көз жазып қалған екен. Ол кезде анасының неден қайтыс болғанын білмеген. Сол анамды өзім емдеймін, дертіне дауа тауып беремін деп, осы салаға келген. Негізінде өзі мұғалімдер әулетінен шыққан әкесі де мұғалім. Жанұясында 9 перзент болса, соның 8-і ұстаз болып, мектепте балаларға білім береді. Бәрібір бір үйге бір дәрігіер керек болады екен дейді, кейіпкер!
Кейіпкер сөзі «Университетті бітіріп, жұмысқа орналасқан кезде біраз қиындықтар болған, себебі теория мен практика екекі екі бөлек дүние, университеттегі практикамен, жұмыстағы практикалар бір-біріне сәйкес келмейді. Бәрібір жұмыста қобалжу, қысылу басымырақ болжы, пациенттермен тіл табысып кету, олардың нақты немен ауырып жатқанын білу басында күрделі болып көрінді. Соған қарамастан өзімді шыңдай бердім, ізденісте жүрдім, соның арқамында тәжірибелі маман болдым!» — дейді.
Қазіргі таңда медицина саласын таңдап, болашақта халыққа адал қызмет етемін дейтін жастарға, сабырлы, білімді, адамгершілігі мол, ізденуден тоқтамайтын, жауапкершілікті терең сезіне алатын азамат болыңыздар деймін. «Дәрігер мамандығының қыр-сырын қанық біліп, анық сол жолды таңдау үшін үлкен жүрек керек», -дейді екен. Менің ойымша, дәрігер болу үшін жүректілік, шыдамдылық, білім мен біліктілік, аса сақтық, ұқыптылық, жауапкершілік, адалдық, шексіз мейірімділік, адамның тәнін ғана емес, жанын емдей алатын психолог бола білу керек. Ең бастысы, мамандықты сүю керек. Тәжірибе жүзінде біліміңді шыңдаудан жалықпау қажет. Әрдайым ізденісте жүруге дағдылану керек, күресе білу керек. Себебі дәрігер — күрескер адам. Орысша айтқанда, ол «Борец». Ол жұмысын күресумен өткізеді. Қатерлі дертпен күреседі, ажалмен күреседі. Егер осы аталған қасиеттердің барлығы мамандық иесінің бойынан табыла білсе, ол үздік дәрігер атанар еді.
Медицина – ғылым мен тәжірибе арқылы ауру-сырқаттарды емдеу, оны алдын алу, адам денсаулығын сақтау мен шама- шарқын жоғарылату, өмір сүру ұзақтығын арттыру секілді ықпалдар негізінде жасалатын дәрігерлік көмек.
Денсаулық сақтау жүйесі – қоғамның әлеуметтік өмірінің ең маңызды саласы. Елімізде денсаулық сақтау саласын жетілдіру үшін жыл сайын орасан зор қаржы бөлініп, жеке меншік секторды қоса отырып қаржыландыру мен басқарудың жаңа әдістері енгізіліп жатыр, дәрігерлерді оқыту мен олардың біліктілігін арттыру бойынша жаңа кадр саясаты қалыптасып келеді. Алайда отандық медицина саласының ақсап жатқан тұстары да жоқ емес.
Абай хакімнің даналығына жіті үңілсек, әлемді ең әуелі махаббат пен мейірім құтқаратынын аңғарар едік. «Әлемді сұлулық құтқарады» дейді Достоевский. Осы сұлулықтың негізі де махаббат пен мейірімде жатыр. Мейірбандық болмаса жан сұлулығы жайында айтып та қажет емес. Сөйтіп әлемді мейірім құтқарады десек, бұл арадағы әлеміміз – адамзат. Ал адамзатты түрлі бәле-батырлардан, кесір-кесапаттан, әсіресе ауру-сырқаудан Алладан кейінгі басты қорғаушы құтқарушылардың бірегейі медицина екені аян.
Иә, медицина. Әбуғали ибн Синаның медеті. Авиценнаның шарапаты. Осынау медицина ықылым замандардан бері мейірімге, ізгілікке, жанашырлыққа негізделген. Адамға деген алғаусыз қамқоршылдық, риясыз жанашырлық болмаған жерде Гиппократ антымен асқақтатылған, шын мәнісіндегі толыққанды, мерейлі медицина да болады деп айта алмас едік. Сонымен біздің де, жалпы жұрттың да пайымында медицина мен мейірім егіз ұғым саналса, мұның өзі өмірдің өзінен туындап жатқан шынайы ақиқат екені де ешбір шүбәсіз. «Медсестраны» мейірбике деп кеткеніміз де содан-ау.
Сонау бала кезімізден дәрігер бейнесі қиялымызда, көз алдымызда ақ желеңді абзал жан, адам жанының арашашысы болып елестейтін. Қазір де солай. Өз мамандығына ынты-шынтымен берілген, антына адалдықпен алғыс арқалаған, халыққа қызмет етіп жүрген, өзіміз танитын немесе сырттай есіміне қанық тамаша дәрігерлерді ондап, жүздеп келтіруге болады. Жылма-жыл туып жатқан дәрігерлер туралы әндерде осынау жандардан таралатын шуақ, жақсылық шарапаты, өмір нұры асқақтата айтылады, шалқыта шырқалады.