Ақпарат

МЕРЕКЕГЕ ОРАЙ КӘСІПОДАҚ МҮШЕЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

Республика күні мерекесіне орай, «Түркістан облысы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төраға орынбасары Айдар Бахтыбаев және «Түркістан облысы бойынша ауыл, орман шаруашылығы табиғат және жануарлар әлемін қорғау қызметкерлерінің кәсіптік одағы» жергілікті қоғамдық бірлестігінің төрағасы Сапарғали Шолданбаев Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Түркістан облыстық аймақтық инспекциясының мәжіліс залында арнайы жиын өткізді. Атаулы мерекені арқау еткен жиында аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төраға орынбасары Айдар Бахтыбаев барша қатысушыларды Республика күні мерекесімен құттықтап, атаулы күннің еліміз үшін маңыздылығын атап өтіп, жұмыстарына табыс тіледі. Сондай-ақ, өз кезегінде сөз алған жергілікті қоғамдық бірлестік төрағасы Сапарғали Шолданбаев мерекеге орай кәсіподақ мүшелеріне өзінің жылы лебізін білдіріп, бірқатар үздік қызметкерлерді салалық кәсіподақтың «Ел ардақтысы» төс белгісі мен Құрмет грамоталарымен марапаттады.

Қатысты жаңалықтар

ҚАЛА ДӘРІХАНАЛАРЫНА МОНИТОРИНГ ЖАСАЛУДА

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ ТІГІН ЦЕХЫНДА ЖЫЛЫНА 250 МЫҢҒА ЖУЫҚ АРНАЙЫ ЖҰМЫС КИІМІ ТІГІЛЕДІ

azatmedia

«ТАУ САМАЛЫНДА» РЕСПУБЛИКА ЖАСТАРЫНЫҢ САЯСИ ЛАГЕРІ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ

azatmedia