Ақпарат

САРЫАҒАШТА 300 ОРЫНДЫҚ «ЖАЙЛЫ МЕКТЕПТІҢ» ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында Сарыағаш қаласына қарасты Б.Оспанов көшесінде бой көтеріп жатқан 300 орындық жаңа мектеп құрылысы нысанына аудан әкімі Арман Абдуллаев арнайы барып, жобаның жай-күйімен танысты. Мердігерге құрылысты мерзімге сәйкес сапалы аяқтауды тапсырды.

Қазіргі таңда құрылыс нысанында ішкі әрлеу жұмыстары жүріп жатыр. Атап айтқанда, ішкі едендер мен қабырғаларға кафель төсеу, желдету жүйесін орнату және қаптау, ішкі электр желілерін тарту жұмыстары орындалуда. Сонымен қатар, ғимараттың сыртқы қасбетін әрлеу және аумақтың жер бедерін тегістеу жұмыстары қатар жүргізілуде.

Аталған мектеп құрылысы аудан тұрғындары үшін сапалы білім беру ортасын қалыптастыруға, оқушы орын тапшылығын жоюға және білім сапасын арттыруға бағытталған маңызды әлеуметтік жоба болып табылады.

Қатысты жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 5 МЫҢ БАСҚА АРНАЛҒАН ЗАМАНАУИ МАЛ БОРДАҚЫЛАУ КЕШЕНІ ЖӘНЕ ЕТ КОМБИНАТЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

azatmedia

САРЫАҒАШ: ТҰРҒЫНДАР ҚАЙТАРЫМСЫЗ ГРАНТ АЛЫП, КӘСІБІН ДӨҢГЕЛЕТУДЕ

azatmedia

РЕСПУБЛИКАНСКИЙ ТУРНИР ПО ДЕБАТАМ СТАРТОВАЛ В ШЫМКЕНТЕ

azatmedia