Отырысқа Түркістан облысының қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-нің Мақтаарал аудандық филиалының басшысы А.Жолдасов және мамандары, Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Е.Қазыбеков және мүшелері, Аналар кеңесінің төрайымы С.Сейдуалиева және мүшелері, аудандық әжелер кеңесінің төрайымы Ш.Құрбанбаева және, этномәдени бірлестіктердің төрағалары мен мүшелері, аудандық кәсіби медиатор Б.Өмірзақов, ардагерлер кеңесінің мүшелері, Ассамблея жастары қатысты.
Отырысты Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Е.Қазыбеков ашып, жүргізіп отырды. 2024 жылдың 2 қыркүйегінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа жолдауында 2024 жылғы 6 қазанда өтетін Республикалық референдум өткізу (АЭС – атомдық электр станциясын құру) бойынша тақырып қозғалған еді. Бүгінгі кеңес отырысы да осы тақырыптарды қамтыды.
Күн тәртібіне төмендегі мәселелер енгізілді:
1. ҚР президенті 2024 жылғы 2 қыркүйектегі «Әділетті Қазақстан: құқық тәртібі, экономикалық өрлеу, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына жолдауын насихаттау.
2.АЭС салу мәселесіне қатысты жалпы ұлттық референдум бойынша ақпараттық түсіндіру жұмыстары.
Жиын барысында жиынға қатысушыларға АЭС салу бойынша референдумның халыққа пайдасы жөнінде түсіндірме жұмыстар жүргізілді. Кеңес мүшелері орамды ойлары мен пайымды пікірлерін ортаға салып, күн тәртібінде тұрған мәселелер кеңінен талқыланып, пікірлері тыңдалды.