Халықтық штаб бүгін Түлкібас ауданының жұртшылығымен кездесулер өткізді. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары Әли Бектаев, Дархан Қыдырәлі, Мұрат Қадірбек, Алишер Сатвалдиев, «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының төрағасы, Түркістан облыстық мәслихатындағы партиялық фракцияның жетекшісі Алтынсары Үмбетәлиев бастаған Халықтық штабтың өкілдері аудандағы бірқатар еңбек ұжымдарымен кездесулер өткізіп, Қазақстанда атом энергетикасын дамытудың прогрессивті мүмкіндіктері жөнінде ой бөлісті.Штаб мүшелері алдымен «КАС-Бетон» ЖШС-і және «Састөбе Инновациялық кешені» ЖШС-і өндіріс алаңына келіп, құрылыс индустриясында маңызды орын алатын цемент өндіруге қажетті әк карбонаты шикізатын шығарудың технологиялық циклымен танысты. Айта кету керек, Қазақстанда өндірілген цемент сапалы өнім ретінде, әлемдік нарықта өзіне лайықты орынға ие болып отыр.Кәсіпорын ұжымымен өткен жүздесуде Халықтық штабтың мақсат-міндетін партияның Түлкібас аудандық филиалының атқарушы хатшысы Ержан Жүнісов түсіндіріп өтті. АЭС салу бастамасының түпкі мәні энергетикалық қауіпсіздікті қамтудан туындайтынын Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Әли Бектаев мәлімдеді. «Біз, еліміздің энергетикалық қауіпсіздігін ойласақ, АЭС салудың маңызы зор екенінін түсінуіміз қажет. Себебі, энергетика қашан да, ел дамуының негізгі қозғаушы күші болып саналады. Энергия көзі жеткілікті болса ғана өндірістің көлемі артады, жаңа жұмыс орындары ашылады», – деді Әли Әбдікерімұлы.Атом станциясын салуды тұрғындардың көпшілігі қолдайтынын атап өткен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Дархан Қыдырәлі, бізде атом саласында жұмыс істейтін ғалымдар мен инженерлер бар ма деген сауал тұрғындар арасында ең көп айтылып жатқан мәселе екеніне назар аударды. Бұл жөнінде Дархан Қуандықұлы, Курчатовта Ұлттық ядролық орталық жұмыс жүргізсе, Алматыда Ядролық физика институты бар екенін айтты. Бұл институттар АЭС құру процесін ғылыми-техникалық қамтамасыз етеді және бұл жұмыстар Атом энергиясы бойынша халықаралық агенттіктің бақылауында жүзеге асатынын мәлім етті.Азаттық елді мекенінде Халқтық штаб мүшелері «Майлыкент сүт» СТК жұмысшыларымен кездесу өткізді. Онда сөз алған Халықтық штаб мүшесі, ҚР Парламенті Сенатының депутаты Мұрат Қадірбек, Мемлекет басшысының атом электр станциясын салу жөніндегі бастамасын тілге тиек етіп, АЭС салынған жағдайда еліміздің экономикалық жағдайы қалай өзгеретінін айтты. Мәселен, мұндай станцияның ұзақ уақыт жұмыс істеуі электр энергияның тұрақты тарифін қамтамасыз етеді.Одан соң, Түлкібас аудандық орталық аурухана ұжымымен кездескен Халықтық штаб мүшелері қазіргі таңда 31 елде 40-ден астам реактор жұмыс істеп тұрғанын, олардың көпшілігі АҚШ, Қытай және Францияда орналасқанын атап өтті. Елімізде АЭС салу арқылы ел бюджетіне түсетін салықтың көлемі 3 млрд долларға дейін өсетінін, 10 мың жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік болатынын жеткізді.Өз кезегінде кездесуге қатысқан аудан тұрғындары бастамаға бірауыздан қолдау көрсетіп, энергия ел экономикасының қозғаушы күші деген ортақ пікірге келді.
Келесі жаңалық