Ақпарат

ТАЗА АУЫЗ СУ ЖӘНЕ ТАБИҒИ ГАЗБЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ – НЕГІЗГІ БАСЫМДЫҚ

Сайрам ауданының әкімі Арман Сабитов Қарабұлақ ауылдық округіндегі инфрақұрылымдық жобалардың жүзеге асырылу барысын бақылап, ауыз су және табиғи газ жүйелерінің құрылысымен танысты.

Ауыз су жүйесінің құрылысы:

Аудан басшысы тиісті бөлім басшыларымен және мердігер мекеме – «Алтын Констракшн» ЖШС өкілдерімен бірге ауыз су жүйесінің құрылыс алаңын аралап, жұмыстың сапасына және жобаның талапқа сай орындалуына назар аударды.

Қазіргі таңда елді мекенде су көздері қазылып, оның алтауы қоршалған. Сонымен қатар, сыйымдылығы 1900 текше метрді құрайтын су резервуарының құрылысы жүргізілуде. Бұл жоба ауыл тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз етуге бағытталған. Ел игілігіне арналған бастама тұрғындардың тұрмыс сапасын жақсартуға және өмір сүру деңгейін арттыруға бағытталған маңызды қадам болып саналады.

Табиғи газ жүйесінің құрылысы:

Сапар барысында аудан әкімі Қарабұлақ ауылдық округіндегі табиғи газ жүйесінің құрылысымен де танысты. Жоба аясында ауыл ішіне газ тарту жұмыстары жүргізілуде. Арман Сабитов мердігер мекеме және тиісті бөлім басшыларымен бірге нысандарды аралап, атқарылып жатқан жұмыстардың барысын саралады.

Аудан басшысы құрылыс жұмыстарының сапасына ерекше тоқталып, олардың уақтылы әрі талапқа сай аяқталуы қажет екенін ескертті. Газдандыру жобасының табысты жүзеге асуы ауыл тұрғындарының әл-ауқатын арттыруға, сондай-ақ ауданның жалпы инфрақұрылымдық дамуына оң әсер ететіні атап өтілді.

Қатысты жаңалықтар

САРЫАҒАШТА АУЫЛ КӨШЕЛЕРІНЕ АЯҚЖОЛ ТӨСЕЛІП, ЖАРЫҚ БАҒАНАЛАРЫ ОРНАТЫЛДЫ

azatmedia

Бау-бақша алқаптары ұлғаюда

azatmedia

КЕЛЕС АУДАНЫНДА ЖІБЕК ҚҰРТЫН ӨНДІРУ ЖОБАСЫ ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ

azatmedia