Ақпарат

ТҮРКІСТАНДА «ІШКІ ТҰРАҚТЫЛЫҚ – БІРЛІК ПЕН ӨРКЕНДЕУДІҢ КЕПІЛІ» АТТЫ СЕМИНАР ӨТТІ

Бүгін Түркістан қаласындағы Халықаралық туризм және меймандостық университетінде «Ішкі тұрақтылық – бірлік пен өркендеудің кепілі» тақырыбында семинар өтті. Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ ұйымдастырған семинарда этносаралық татулықты сақтау, қоғамдық келісімді нығайту жайы талқыланды. Семинарға Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Болат Жанәбіл модераторлық етті.Жиынға Түркістан облыстық, аудандық, қалалық этномәдени бірлестіктер жетекшілері мен мүшелері, Түркістан облыстық ҚХА жанындағы құрылымдардың жетекшілері мен мүшелері, «Ассамблея жастары» РҚБ-нің Түркістан облыстық өкілдігінің мүшелері, «Қоғамдық келісім» КММ-нің басшылығы және мекеменің аудандық, қалалық филиалдарының басшылары мен мамандары қатысты.Ауқымды тақырыпты арқау еткен алқалы басқосуда ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы Ғалым Шойкин, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігіне қарасты Қолданбалы этносаяси зерттеулер институтының директоры Талғат Қалиев, Өзбекәлі Жәнібеков атындағы ОҚПУ Тәрбие жұмысы және жастар саясаты департаменті директоры, т.ғ.к. Қайрат Анарбаев мазмұнды баяндама жасады.- Бірлік қашанда берекеге бастайды. Қоғамда ұлтына қарай ерекшеленуге, оқшаулануға ұмтылған кез келген әрекетке, әсіресе азаматтарды тіліне, ұлтына, дініне немесе мәдениетіне бола арандатуға, я болмаса кемсітуге мүлде жол бермейтін орта қалыптастыру маңызды. Бұл орайда бүгінгі семинардың маңызы ерекше. Көпэтносты елеміздің қандай да бір жетістігі ішкі тұрақтылықпен тікелей байланысты. Дегенмен даму көші тоқтаған емес. Сондықтан бұл бағытта үнемі ізденіс үстінде болу маңызды. Бүгінгі семинардың да мақсаты осы. Осы саладағы қызметкерлердің уақыт талабына орай білім-білігін көтеру, тәжірибесін арттыру, – деді Ғалым Нұрмағамбетұлы.Жиынға қатысушылар семинарда пікір алмасып, ұсыныс-пікірлерін ортаға салды.Семинар-тренинг соңында кофе-брейк ұйымдастырылып, қатысушыларға арнайы сертификаттар табысталды.

Қатысты жаңалықтар

АЙМАҚТЫҚ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ БАЙҚАУ ӨТЕДІ

azatmedia

ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МӘДЕНИЕТТІ ОРНЫҚТЫРУҒА ҚАРАЙ АРШЫНДЫ ҚАДАМ ЖАСАЙМЫЗ

azatmedia

ЖЫЛУ ЭНЕРГЕТИКТЕРІ АЭС ҚҰРЫЛЫСЫНА ҚОЛДАУ КӨРСЕТУГЕ ДАЙЫН

azatmedia