Ақпарат

МӘЖІЛІС ДЕПУТАТЫ ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСТІ

Бүгін Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің және Түркістан облыстық мәслихатының депутаттары, сонымен бірге энгергетика саласының мамандары мен сарапшылардан құрылған АЭС салуды қолдау жөніндегі Халықтық штаб өкілдері Түркістан қаласындағы бірқатар нысанда болып, еңбек ұжымдары және тұрғындармен кездесті. Аталған топты Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіне «AMANAT» партиясынан сайланған депутат Ерлан Абдиев бастап барды.Штаб өкілдері алдымен өңірге жарық қуатын жеткізіп отырған «Оңтүстік Жарық» ЖШС ұжымымен кездесті. Аталған жиында штаб мүшелері мен қызметкерлер арасында энергетика саласындағы мәселелер, электр өндірісін өркендетудегі кедергілер және атом электр станцияларының пайдалы тұстары кеңінен талқыланды.- Өздеріңіз жақсы білесіздер, елімізде жылдан-жылға энергия тапшылығы ұлғайып барады. Ал, алдағы уақытта салынуы ықтимал атом электр станциясы бұл мәселенің бірден-бір шешімі ретінде саналып отыр. Оның үстіне заманауи атом электр станциялары 60 жылдан астам уақыт бойы тұрақты энергиямен қамтамасыз етуге қабілетті. Оның үстіне, көмір немесе газ станцияларына қарағанда экологиялық зардабы едәуір аз көрінеді. Егер елімізде АЭС салынса, Отандық энергетика саласы да ілгерілеп, техникалық базамыз түрленіп, жаңа жұмыс орындары құрылатын болады. Ең бастысы болашақтағы энергетика тәуелділігінің алдын алуға мүмкіндік береді, – деген Мәжіліс депутаты Ерлан Абдиевтің сөзін энергетиктер де құптап, аталған саладағы өзекті мәселелерді жеткізді. Ал, штаб құрамындағы халық қалаулылары әрбір проблеманың назарға алынатынын айтты.Содан соң Халықтық штаб облыс орталығында орналасқан №2 «Хамза» жалпы орта мектебіне табан тіреп, білім мекемесі ұжымымен және жергілікті тұрғындармен жүздесті. Штаб мүшелері «Түркістан су» мекемесінде де болып, еңбек адамдарымен кездесті. Іс-шаралар аясында Мәжіліс және мәслихат депутаттарынан бөлек, энергетика саласының қызметкерлері мен сарапшылар да сөз кезегін алып, заманауи АЭС-тердің пайдасы мен қауіпсіздігі жайында мәлімдеме жасады. Олардың айтуынша, озық технологиялар арқылы салынатын АЭС-тер экономиканың дамуына, әлеуметтік ахуалдың түзеліуіне, сонымен қатар қоршаған ортадағы экологиялық проблемаларды реттеуге ықпал етеді. Ал, қауіпсіздігін әлемдік ұйымдар зерттеп, анықтаған.Кездесулер барысында Халықтық штаб мүшелері тұрғындарды тағдыршешті кезеңде өз таңдауларын жасауға шақырды. Алдағы уақытта мұндай кездесулер жалғаса бермек. 

Қатысты жаңалықтар

Кітапхана саласында ұзақ жылдар бойы еңбек еткен маман

azatmedia

МЫҢЖЫЛДЫҚ ТАРИХТЫҢ ТІРІ КУӘГЕРІ – ҚАЗЫНАЛЫ МҰРА-МИРАСЫМЫЗ

azatmedia

ТҮРКІСТАННЫҢ ВЕТЕРИНАРЛАРЫ БҚО-ДАҒЫ СУ ТАСҚЫНЫНА ҚАРСЫ ЖҰМЫСТАРҒА АТСАЛЫСЫП ЖАТЫР

azatmedia