Қоғам

КӘСІПОДАҚ ТҮСІНДІРЕДІ

Сұрақ: Келісу комиссиясы қандай мерзімге құрылады? Оның құрамында қанша адам болады?

Жауап: Келісу комиссиясын ұжымдық шарттың немесе әлеуметтік әріптестік туралы келісімнің әрекет ету мерзіміне құрған жөн. Осы мерзім ішінде тараптар өз өкілдерін комиссия құрамын қалыптастыру үшін белгіленген тәртіпте алмастыра алады, барлық өкілдердің өкілеттіктері комиссияның құрылған мерзімінің аяқталуымен бірге аяқталады.

Келісу комиссиясының құрамын төмендегідей болып белгіленуі мүмкін:

– 50 адамға дейін қызметкерлер саны бар еңбек ұжымдарында – әрбір тараптан 2 өкілден- 50-ден 150 адамға дейін қызметкерлер саны бар еңбек ұжымдарында – әрбір тараптан 3 өкілден

– 150 адамнан астам қызметкерлер саны бар еңбек ұжымдарында – әрбір тараптан 4 өкілденСұрақ: Келісу комиссиясында қандай мәселелер қаралуы мүмкін?

Жауап: Жұмыскерлер келісу комиссиясына мына мәселелер бойынша жүгіне алады:- Еңбек демалыстарын беру- Тәртіптік жаза қолдану

– Басқа жұмысқа ауыстыру жәнебасқа жұмыс орнына көшіру

– Еңбекке ақы төлеу- Жұмыс уақыты мен тынығууақытының режимін қадағалау- Келтірілген материалдық шығынды өтеу

– Жәрдемақылар төлеу мен кепілдіктер беру- Қызметкердің жалақысынан ұсталынған ақшалай соманы қайтару

– Жұмысқа қайта алу, жұмыстан шығарукүнін және себебінің тұжырымын өзгерту

– Қолданыстағы еңбекке ақы төлеу жүйесімен көзделген қызметкерге тиесілі сыйақы мөлшері мен оны алу құқығы

– Еңбекке ақы төлеу жүйесімен көзделген үстеме ақыларды қосқанда жалақыны өндіру- Арнайы киім, арнайы аяқ киім, жеке қорғау құралдарын беру, емдеу-профилактикалық тамақтану

– Аттестаттау комиссиясышешімінің күшін жою туралы

– Амалсыз бос жүрген уақытына жалақы төлеу немесе заңсыз ауыстырумен байланысты төмен ақы төленетін жұмысты орындаған уақытына жалақысының айырмасын төлеу

– Еңбек шартын жасау немесе өзгерту туралы мәліметтер еңбек кітапшасында қате немесе нақты жазылмауы туралы, егер бұл жазбалар бұйрыққа (өкімге) немесе заңмен көзделген өзге құжаттарға сәйкес келмесе

– Еңбекке ақы төлеу, соның ішінде лауазымдарды қоса атқару, уақытша орнында жоқ қызметкерді ауыстыру кезінде, үстеме жұмыс, түнгі уақыт, демалыс және мереке күндеріндегі жұмыс үшін еңбекке ақы төлеу.

Қатысты жаңалықтар

ИІСТІ ГАЗБЕН УЛАНУ

azatmedia

«Еңбек адамы» айдарының кейіпкері – Шәкиров Нұрғали

azatmedia

Шымкентте тоқ соғып, күйік шалған қыздың оқиғасына қатысты тың дерек жарияланды

azatmedia