«М.Х.Дулати» атындағы жалпы білім беретін мектебінің үздік ұстаздары. Мұғалім қандай болса, мектебі һәм сондай болмақ. Яғни мұғалім білімді болса, білген білімін басқаға үйрете білетін болса, ол мектептен балалар көбірек білім біліп шықпақшы.Солай болған соң, ең әуелі мектепке керегі -білімді, педагогика методикадан хабардар,оқыта білетін мұғалім. Ахмет Байтұрсынов.Міне осындай білікті ұстаз , педагог-сарапшы Қарабалаев Бақтияр Пернесейтұлы 29 жыл мектеп қабырғасында еңбегін сіңіріп жас ұрпаққа білім беріп жүрген «көркем еңбек», «бейнелеу өнері», «сызу» пәнінің мұғалімі.1991 жылы М.Әуезов атындағы Шымкент пединститутына түсіп. 1995 жылы А.Иассауи атындағы халықаралық Қазақ түрік университетінің «Бейнелеу өнері және сызу» мамандығы бойынша бітіріп , еңбек жолын 1995 жылы Төлеби ауданы «бұрынға Георгиевка» қазіргі М.Х.Дулати орта мектебіне сызу, бейнелеу өнері және көркем еңбек пәні мұғалімі болып қызметін атқаруда. Ол еңбек жолында талай жетістіктерге жетті. Мектепішілік, аудандық, облыстық, республикалық сайыстарға қатысып, мектептің абыройын көтеріп жүрген ізденімпаз, шығармашыл ұстаз.Педагогтың қызметін жетістігін бағалау да өте қиын. Оның сапасы сызғышпен өлшеп, әрбір еңбегіне дейін таразыға тартатын дүние емес. Бірақ жақсы ұстазды балалар да, ата-аналар да тани біледі.Күні-түні тынымсыз еңбектенетін ұстаз оқушылардың өздігінен ізденіп, шығармашылық қабілеттерін дамытуына жеке көңіл бөледі, ұдайы ізденіс үстінде жүреді. Өзінің жұмысында жаңа технологияны пайдалана отырып, оқыту мен тәрбиелеудің жаңа мазмұнындағы әдістерін қолданады. Бұл әдістер оқушының жекелей дамуына жақсы әсер тигізеді. Оқушыларды еңбекке баулу және қазақ халқының өнері ағаш ою,кесе,қымыз құятын ожау, астау, сандық, бесік шығармашылық жұмыстармен айналысады және шәкірттеріне сабақ барысында үйретеді. Бүгінгі таңда білім берудің ұлттық жүйесі өте маңызды,қарқынды өзгерістің сатысында тұр. Мысалы: Ата-бабамыз жасап келген ұлттық ағаштан жасалған астаулар, кеселер, қымыз құятын тегешелер, ожаулар, бесіктерді ұрпақтан-ұрпаққа жалғастыруда. Оқушылардың шығармашылық қабілетін қалыптастыру, ой-өрісін дамыту,танымдық белсенділігін дамыта отырып ,жеке тұлғаны қалыптастыруда.
Сарамандық жұмыста оқушымен жекелей жұмыс жүргізу технологияларын қолданады.Оған дәлел оқушылардың шығармаларын облыстық, аудандық көрмелерде «I, II, III» орындарға ие болды. Мұғалімнің шығармашылық қабілеті мен шеберлігі өте жоғары.Қаншама шәкірттің бойындағы шамын жаққан,жетістікке жеткізген ұстазымыздың өзінің де жетістіктері өте көп.
Білім саласына қосқан елеулі үлесі үшін Қарабалаев Бақтияр Пернесейтұлы ҚР Тәуелсіздігіне 25 жыл толуына орай Республикалық «Білім шыңы-Ғылым сыры» журналының ұйымдастырған «Мәңгілік Елдің мәртебелі мұғалімі» жобасының арнайы медалімен марапатталды.2015жылы Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай «Ерлік даңқы-мәңгілік» айдарымен өткізілген өнер фестивалінде қолөнер саласы бойынша жоғары нәтиже көрсеткені үшін Диплом II орынға иеленді.2015 жылы Оңтүстік Қазақстан облыс кәсіпкерлік, индустриялды-инновациялық даму және туризм басқармасы «Оңтүстік көркі Красота юга» қолөнершілер мен қолданбалы өнер шеберлерінің көрмесіне шәкірті Пернесейт Нұрсұлтан марапатталды.2015 жылы Оңтүстік Қазақстан облыс кәсіпкерлік, индустриялды-инновациялық даму және туризм басқармасы «Оңтүстік көркі Красота юга» қолөнершілер мен қолданбалы өнер шеберлерінің көрмесіне қатысып, Қарабалаев Бақтияр марапатталды.2015 жылы Облыс оқушылар арасында Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай «ЕРЛІК ДАҢҚЫ -МӘҢГІЛІК» атты өнер фестивалінде қолөнер шығармашылығын жоғары деңгейде насихаттағаны үшін Қарабалаев Бақтияр марапатталды.2015 жылы Аудан оқушылары арасында Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған «ЕРЛІК ДАҢҚЫ-МӘҢГІЛІК» атты өнер фестивалінде қолөнер саласы бойынша шәкірттеріне сапалы білім,саналы тәрбие берудегі шығармашылық еңбегі үшін Қарабалаев Бақтияр марапатталды.2016 жылы Облыс оқушыларының «Нұрлы жол-болашаққа бастар жол!» атты облыстық фестивалінде жоғары деңгейлі өнерімен танылған талантты шәкірттерді дайындауда және сан қырлы өнерге баулуда қосқан зор үлесі үшін Қарабалаев Б. марапатталды.2016 жылы Төлеби аудандық мектеп оқушыларының «Нұрлы жол-болашаққа бастар жол!» атты аудандық фестивалінде шәкірттерінің жоғары деңгейде талантымен танылуда зор үлес қосып, берген сапалы білімі мен саналы тәрбиесі үшін Қарабалаев Б. марапатталды.2016 жылы «Мәңгілік Елдің мәртебелі мұғалімі» жобасына қатысып Қарабалаев Б. марапатталды.2017 жылы Международный творческий конкурс «Великий Шелковый путь» за II место награждается Қарабалаев Б.2019 жылы Облыс оқушылар арасында «Жастар-мәңгілік тәуелсіздік елдің болашағы» атты өнер фестивалінде «Қол өнер шығармашылық» көрмесінде көрсеткен еңбегі үшін Қарабалаев Б. марапатталды.2022 жылы Төлеби ауданының 90 жылдығына орай «Асыл мұра» аудандық қолөнер шеберлерінің көрме-фестивалінде үздік өнер көрсеткені үшін «III» орынға Қарабалаев Б. марапатталды.2022 жылы Түркістан облысында «Балалар жылы» аясында «Тұлпар мініп,ту алған» өнер фестивалінде Қарабалаев Б алғыс хатпен марапатталды2022-2023 жылы Төлеби ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімі, ауданның білім беру саласының нығаюына үлес қосып, егемен еліміздің болашағын ойлайтын тәуелсіздігін қорғайтын білімді ұрпақ тәрбиелеудегі қажырлы еңбегі үшін АЛҒЫС ХАТ пен Қарабалаев Б. марапатталды.2022-2023 жылы Төлеби ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімі,ұстаздық еңбек жолында іскерлігі мен ізденімпаздығыңыздың нәтижесінде ауданымыздың өз үлесін қосқаны үшін Қарабалаев Б. АЛҒЫС ХАТ марапатталды.2023 жылы Түркістан облысының құрылғанына 5 жыл толуына орай ұйымдастырылып отырған «Өнерлі өлке» облыстық өнер фестиваліне қатысып,ұлттық мәдениет пен өнерімізді дамыту және жастар арасында дәріптеу,сондай-ақ Түркістан қаласының туристік әлеуетін арттыру мақсатында өткізілген шараға белсенді қатысқаны үшін Қарабалаев Б. марапатталды.2022-2023 жылы «Шығармашылық жұмыс шеберханасы» I жүлделі орын иеленген үшін Қарабалаев Б. марапатталады.2022-2023 жылы «Алтын қазына» атты байқауға қатысып жүлделі I орын иеленген шәкірті Пернесейт Абидулла марапатталды.Мектепте өз бойындағы еңбекқорлығымен ,білім беруге деген адалдығымен, жаңашылдығымен ,ұйымдастырушылық қабілетімен ,жауапкершілігімен ерекшеленеді.Өз ісіне ұқыпты .Осындай жүрегі мейірім мен жылылыққа толы,бала бойын қол-өнерімен тамсандырып,ұрпақ тәрбиелеуде ұлттық құндылықтарды ұштастыра білетін нағыз маман иелерінің қатарының толығуына тілектеспіз.