Түркістан облысы, Ордабасы ауданы, Шұбарсу елді мекені, «Зерде» жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі Байгунова Гулбахрам Ауелбекқызы.
Бүгінгі күні әлемдік қауымдастық қатарында өзіне лайық орнын белгілеген біздің мемлекетіміз үшін қазіргі заман талаптарына байланысты өзіндік көзқарасы, саяси түсінігі бар, білімді әрі жоғары білікті жас ұрпақ тәрбиелеу қажеттігі туындап отырғаны сөзсіз.
Қазіргі заман балалардың функционалды сауатты болуын талап етсе, соның бірі – оқу сауаттылығы. Оқу сауаттылығы дегеніміз – қарапайым тілмен айтқанда бала өзі оқып отырған ақпаратты толықтай қабылдай біліп, ішінен негізгісін ала білуі.
Оқу сауаттылығы түсініп оқудан басталып, сөздер мағынасына, грамматика және тілдік, мәтіндік құрылымдарға талдау жасауды қамтиды. Оқу сауаттылығы бойынша оқушылар мектеп аясында және мектептен тыс уақытта нені оқитынын, қандай мақсатпен оқитынын білуі қажет. Келешек елдің тұтқасын ұстайтын бүгінгі жас ұрпаққа білім мен тәлім-тәрбие беру ұстаз алдындағы ең ауыр міндеттің бірі. Бүгінгі жаңа ғасырдың жаңашыл шәкірттерін тәрбиелеуде, мұғалім үздіксіз ізденіп, кез-келген тосын сұраққа жауап бере алатын, кез-келген жағдайдан шыға алатын, білімдар болу қажет. Жалпы оқушылардың дүниетанымдық құзіреттіліктерін жетілдіру үшін білім дайын күйінде беріле салмай, мұғалім шеберлігі арқылы баланың алдына мақсат қойып, соны іске асыруына жол көрсету.
«Маған жақсы мұғалім бәрінен де қымбат, өйткені мұғалім – мектептің жүрегі» – деп Ыбырай Алтынсарин атамыз айтып кеткендей дүниедегі мамандық атаулының төресі – ол ұстаздық екен. Бойындағы асыл қасиеттерін шәкірттеріне сіңіріп, аянбай еңбек етіп жүрген ұстаздың бірі Байгунова Гулбахрам Ауелбекқызы.Ұстаздың әсерлі үнімен, асықпай мәнерлеп сөйлеген сөзінен әрбір оқушыға деген қамқорлықтың, аналық, әкелік сезімнің дана ойдың ыстық лебі есіп тұрғандай.
Байгунова Г.А. 1967 жылы қарапайым отбасында дүниеге келді. Отбасындағы асыл тәрбиені бойына сіңіріп өскен Гулбахрамның арманы ұстаз болу еді.1985 жылы өзі армандаған оқу орнына түсіп, 1990 жылы Ресейдегі Волгоград қаласындағы мемлекеттік педагогикалық институтты жақсы бағалармен аяқтап шықты. Ұстаздық мамандық – мамандықтың ең асылы, ең қасиеттісі екенін түсінген жас маман ұстаздық жолын орыс-қазақ мектебінде бастады. Қиындығымен қызығы бірге жүретін осынау мамандықтың шынайы иесі болу үшін көп қиындықтардан өтеді. Қанша жыл тер төгіп еңбек етсең де, «болдым, толдым, мен бәрін де білемін» деп айтуға болмайды. Ұстаз үнемі ізденіс үстінде болуы керек. Өмір бір орнында тұрмайды, үнемі алға жылжып отырады, осыған орай жаңа заманның жаңа адамын тәрбиелеу, оқыту үшін үнемі ізденіп, білімін, біліктілігін арттырып отыру керек.
Мұғалімге тән ең бірінші қасиет – баланы құрметтеу. Оның адамшылық ар-ожданын, намысын, тұлғасын жасына қарамай сыйлау, құрмет тұту. Бұл мұғалімнің терең дүниетанымы мен үлкен жүрегінен келіп шығады. Байгунова Гулбахрам ұжымдағы әрбір ұстазбен тіл табысып, көмегін аямайтын жанның бірі. Гулбахрам Ауелбекқызы мектептегі кәсіподақ ұйымының мүшесі, сонымен қатар «Айнамкөз» қыздар ұйымына басшылық етіп, «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» аясында ұйымдастырылып жатқан іс-шараларға белсене қатысып, өз тәжрибесімен бөлісіп келеді. Оның бойындағы білім мен ақыл, ойының қуаты талай тентекті жуасытып, небір еркені сабасына түсіреді, тәртіпке баулып, есейтіп, ер жеткізеді.
Қазіргі мектеп мұғалімдерінің алдында тұрған басты міндет – оқушылардың шығармашылық білім дағдыларын қалыптастыру. Ұстаз әсіресе, оқушылардың шығармашылық қабілетін арттырып, ынталандыру барысында көп еңбек етіп келеді.Гулбахрам Ауелбекқызының жеткен жетістіктеріде айтарлықтай елеулі. Жетістіктеріне тоқталсақ;
1. 9 сынып оқушысы Журакулов Ерлан «Бірлігі бүтін елдің түтіні түзу шығар» атты аудандық эссе байқауында 3 дәрежелі дипломмен марапатталды. 2. «Қазіргі және болашақ туралы ғылым» атты оқушылар мен студенттерге және жас ғалымдар мен жас зерттеушілерге арналған XIII Республикалық ғылыми-тәжрибелік конференциясының жеңімпазы 9 сынып Уразбай Аида II дәрежелі дипломмен марапатталды, Алматы 2023 жыл. 3. Ордабасы аудандық «Наследие биев и ораторов» тақырыбындағы ғылыми жұмыстар жобасында 8 сынып оқушысы Бават Анараның «Наследие казахских биев и ораторов как историческая память» тақырыбындағы ғылыми жұмысы III дәрежелі дипломмен марапатталды. 4. Тұрғара Аида 5-сынып оқушысы Диплом 1-орын USTAZ TILEGI». Респуликалық ғылыми әдістемелік орталығы ақпан, 2021 Мажит Нуршуақ 2 сынып оқушысы, Интеллектуальный центр «Дарын Лэнд», Русский медвежонок-языкознание для всех» Диплом 1-орын, 5. Өмірбекұлы Едіге 5 сынып оқушысы Интеллектуальный центр «Дарын Лэнд», Русский медвежонок-языкознание для всех», Диплом 1-орын.
6. Убайдулла Назғаным 5 сынып оқушысы 1-орын Интеллектуальный центр «Дарын Лэнд», Русский медвежонок-языкознание для всех». 7. Ұлттық валюта-теңгенің 30 жылдығына орай оқушыларды шығармашылыққа баулуға арналған «Тұғыры биік төл тенге» Республикалық «эссе жазу» байқауында 8 сынып оқушысы Бават Анара 1-дәрежелі диплом иеленді.8. Ауыл мектептерінің оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың бірінші (бастапқы) кезеңіне қатысушы Нурмуратова Даяна Алимжанқызы. Сертификат. 2023 жыл. 9. Ауыл мектептерінің оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың бірінші (бастапқы) кезеңіне қатысушы Бекмагамбетова Балнур Рустемовна. Сертификат. 2023 жыл.
10. 2023-2024 оқу жылындағы ауыл мектептерінің оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінің жүлдегері Ордабасы ауданы, «Зерде» жалпы білім беретін мектебінің 9 сынып оқушысы Нурмуратова Даяна Алимжанқызы II дәрежелі дипломмен марапатталды. Түркістан 202311. «Дәстүрлік пен жаңашылдықты үндестіре отырып тәрбие жұмысын ұйымдастыру» тақырыбындағы облыстық семинарында жоғары дәрежедегі инновациялық идеяларымен бөліскені үшін Мадақтама. Түркісан қаласы, 2022 жыл.12. «Ұлағат» Республикалық балалар мен жасөспірімдер сайты М. Мақатаевтың туған күніне орай ұйымдастырған шығармашылық байқауында «Қара өлеңнің құлагері» номинациясы бойынша қатысып, үздік деп танылған Сербай Аян марапатталды, Алматы 2021 жыл.
13. Республикалық «Жас зерттеуші» байқауында ғылыми-шығармашылық жұмысы «Үздік» деп танылғаны және зор ізденісі үшін «Зерде» мектебінің 8 сынып оқушысы Бават Анара III дәрежелі дипломмен марапатталды. 14. Жалпы білім беретін пәндер бойынша 5-6 сынып оқушыларына арналған Республикалық олимпиаданың аудандық кезеңінде 7 сынып оқушысы Уралтай Айша 3-орын иеленді. 15. Филиал АҚ «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» Қазақстан Республикасында орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде қазақ тілді мектептеріндегі «Орыс тілі мен әдебиеті» пәні бойынша педагог кадрлардың біліктілігін арттыру білім беру бағдарламасы бойынша 160 академиялық сағат көлемінде оқу курсын аяқтады. Сертификат. Шымкент 30.03.2018 жыл. 16. Педагогикалық шеберлік орталығының Шымкент қаласы филиалында «Орыс тілі мен әдебиеті» пәні бойынша «Бағалауға арналған тапсырмаларды әзірлеу және сараптау» педагог кадрлардың біліктілігін арттыру білім беру бағдарламасы бойынша 80 академиялық сағат көлемінде оқу курсын аяқтады. Сертификат, 23.11.2020 жыл. 17. Ордабасы аудандық Ыбырай оқулары аясында ұйымдастырылған «Ыбырай салған сара жол» зерттеу жұмысында «Творческое наследие выдающегося просветителя И.Алтынсарина» тақырыбындағы ғылыми жұмысы 1 дәрежелі дипломмен марапатталды, Темірлан 2021 жыл. 18. Түркістан облыстық Ыбырай оқулары аясында ұйымдастырылған «Ыбырай салған сара жол» зерттеу жұмысында «Творческое наследие выдающегося просветителя И.Алтынсарина» тақырыбындағы ғылыми жұмысы 3 дәрежелі дипломмен марапатталды. Түркістан 2021 жыл.19. Алғыс хат Темірлан аудандық білім бөлімі 2021, 2022, 2023 жж.
20. АҚ «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» Шымкент «Развитие профессиональных компонентов учителя русского языка и литературы» тақырыбындағы 40 сағат көлеміндегі оқу курсын аяқтады, Сертификат. Шымкент 25.12.2021 жыл. 21. Ұлттық сауаттылық қауымдастығы «Оқуға құштар мектептер жобасы «Отбасы және мектеп жағдайында оқырмандарды зерттеу» жаңа ұрпақ қалай оқиды? Тақырыбындағы 72 академиялық сағат көлеміндегі оқу курсын аяқтады. Нұр-Сұлтан 2021-202222. ЖШС «REAG-COM» курс «Ақпараттық коммуникативтік технологияларды пәндік дәрістерге пайдалану әдістері» 80 сағат көлеміндегі оқу курсын аяқтады. 09-20.12.2022 жыл. 23. Педагогтарға арналған Республикалық онлайн олимпиадада 3-орын иеленді. 30.10.2022 жыл. 24. Алғыс хат «ҚМЖ» құрастыру» тақырыбындағы аудандық жобаға қатысып құнды тәжрибесімен бөліскені үшін. Темірлан-2023.
25. Аудандық мұғалімдер арасындағы «Ыбырай жазулары» байқауында «Ізденімпаз ұстаз» номинациясына ие болды. Диплом, Темірлан 2023 жыл.26. Алғыс хат. Ұлттық валюта-теңгенің 30 жылдығына оқушыларды шығармашылыққа баулуға арналған «Тұғыры биік төл тенге» Республикалық байқауына шәкірт дайындағаны үшін, Алматы-2023. 27. АҚ «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» «Lesson Study-сабақты зерттеудің тиімді әдісі» атты семинарда 24 сағат көлемінде білім алды. 16.02.2023 ж. 28. Республикалық педагогикалық ғылыми басылым «Өрлеу» .«Үздіксіз педагогикалық білім» журналында «Идет сентябрь осенней тропкой» тақырыбында ҚМЖ жарияланды. Диплом. Құрмет грамотасы. «Қазақстан ұстазы» Халықаралық ғылыми-әдістемелік журналында «Педагогические идеи М. Жумабаева» атты мақаласы жарияланды, қараша 2023 жыл. .
«Ұстазы жақсының ұстанымы жақсы», – деп бекер айтпаса керек. Гулбахрам тәрбиелеген бірнеше шәкірттері қоғамда өз орнын тауып, елге қызмет жасауда. Ұстаз бола білу, оны қадір тұту, қастерлеу, арындай таза ұстау – әр мұғалімнің борышы. Гулбахрам Ауелбекқызы – өз кәсібін, өз пәнін, барлық шәкіртін, мектебін шексіз сүйетін адам. Осы іске деген қызығушылық пен сүйіспеншілік қана оны небір қиын әрекеттерге жетелейді, іске батыл кірісуге септігін тигізеді. Нәтижесінде бір емес, көптеген жас жүрекке мәңгі ұстаз болып қалады.