Жетісай ауданының әкімі Серік Үсенұлы Мамытов бүгін «AMANAT» партиясы Жетісай аудандық филиалының ғимаратында аудан тұрғындарына арыз-өтініштері бойынша қоғамдық қабылдау өткізді, деп жазады аудан әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған anyqtimesk.kz ақпараттық агенттігі.Аудан басшысының қабылдауына «AMANAT» партиясы Жетісай аудандық филиалының атқарушы хатшысы Асқар Қайназаров пен аудандық мәслихат төрағасы Медет Қасымов, аудан әкімінің орынбасарлары, білім, денсаулық сақтау саласы мен құқық қорғау органдары басшыларының орынбасарлары, бөлім басшылары мен қала, бірқатар округтердің әкімдері қатысты.Қабылдауға жазылған тұрғындардың басым бөлігі тұрғылықты жерлеріндегі көше жөндеу жұмыстары мен түнгі жарықтандыру, ауыз су, қоғамдық орындардағы қауіпсіздік пен тазалық, балабақшалардағы бүлдіршіндердің денсаулығы бойынша арыз-шағымдарын жеткізіп, шешілу жолдарын бірге талқылады.Қоғамдық қабылдау барысында тұрғындар тарапынан айтылған мәселелер бойынша құқықтық кеңестер беріліп, жауапты сала басшыларына хаттамалық тапсырмалар берілді.
Алдынғы жаңалық
Келесі жаңалық