Қоғам

Еңбек адамы – Тәжіхан Бақытжан

Бүгінгі «Еңбек адамы» айдарының кейіпкері – Тәжіхан Бақытжан Отырар ауданы, Көксарай ауылында дүниеге келген. 1985 жылы мектепке барған. Спорт саласына 5-сыныпта оқып жүрген кезінде келген, алғашында қазақша күреске қатысқан. 1995 жылы мектепті бітіріп, Шымкент қаласындағы дене тәрбие институтына оқуға түскен, ол жерді 1999 жылы бітіріп шыққан. Университетті тәмәмдағаннан кейін әскери борышын өтеп келген. Одан кейін өзінің еңбек жолын бастаған, балаларды күреске дайындаған, сол спорт саласынан алыстамаған. Спорт саласындағы еңбек өтілі 23 жыл. Мұхтар Әуезов университетінде дене шынықтыру пәнінен оқытушы болған, колледждерде де сабақ берген, теннис мектебінде де қызмет еткен, одан кейін жаттықтырушы болып жұмыс істей бастаған. Шымкент қаласында балаларды жаттықтырған, оқушылары республикалық, облыстық жарыстарда чемпион атанған.

Жаттықтырушы — спорт түрлерінің қыр-сырына мақыштандыратын спорт маманы. Бұрын дене тәрбиесі жоғары оқу орындарындағы спорт жоғары жаттықтырушылар мектептерінде дайындалды.

«Алдыма мақсат қою деген менде болған жоқ. Алматыға ағамның  қолдауымен келіп Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы республикалық спорт мектеп-интернатқа келіп түсіп кеттім. Қазір мысалы, күрес кілеміне табаны тиген жас баладан арманың не десең бірден Олимпиада немесе әлемді ұту деп тақ етіп жауап беретіні белгілі. Ол кезде Интернатқа бар, түсесің, оқисың деді. Сол сөздермен өзімізді қамшылап, аяғымыздан тұрдық қой. Интернатқа келген кезден бастап, намысқа тырысып, жеңілмеу үшін бар білгенімізді салдық қой. Негізгі мақсат ол кезде қандай бір кездесу болмасын, намысты ту етіп жеңіске жету болатын. «Намыс бар жерде табыс бар» демекші, ақырындап жеңістер келе бастады» дейді кейіпкеріміз Бақытжан аға.   Күрестің ұлттық түрі «қазақ күресінің» даму тарихы қазақ халқының тамыры тереңнен тартылатын тарихымен тұтасып жатыр. Түрлі бас қосулар мен мереке тойлар спорттың осы түрінің сайысынсыз өткен емес. Күші басым түсіп, жеңіске жеткен балуандар халықтың төбесіне тұтар құрметті адамына айналған. Қазақтың ұлы батыры Қажымұқан есімі қазақ халқының тарихына ғана еніп қойған жоқ, сонымен бірге спортшылардың әлемдік элитасының қатарына кірді.

«Қазақша күрес» бойынша бірінші ірі жарыс 1938 жылы ауыл шаруашылығы аймақтары арасындағы спартакиада аясында өткен. Сол сәттен бастап жарыс дәстүрлі түрде республика қалаларында тұрақты өткізіліп келеді. Ірі Халықаралық турнирлер 1952 және 1975 жылдары Азия аймағы спортшыларының қатысуымен өткізілді. Ұлттық күрестің дамуы Қазақстан егемендік алғаннан кейін жаңа серпін алды. 1991 жылдан бастап республикалық чемпионаттар мен біріншіліктер жыл сайын өткізілетін болды.

2004 жылы Қазақтардың Берлиндегі Бүкіләлемдік Құрылтайында конференция болып, сонда «Қазақша күрес» күресі бойынша халықаралық федерация ұйымдастырылды. Федерацияның президенті — Түкиев Серік Адамұлы.

2005 жылы Ресейде (Алтай өлкесі) «Қазақша күрес» күресі бойынша І Азия Чемпионаты өтті. 2005 жылы қарашада Астанада ҚР Президентінің жүлдесіне «Қазақша күрес» күресі бойынша ірі халықаралық турнир болды. Оған әлемнің 25 елінен 100-ден аса спортшы қатысты. Олардың қатарында Германия, Түркия, Голландия, Франция және басқалары бар. Биылғы жылдың шілдесінде Монғолияда «Қазақша күрес» күресі бойынша ІІ Азия Чемпионаты өтті.[2] 2011 жылы тамызда қазақша күрестен Қазақстан біріншілігі болып өтті. Бұл ойын адамның денесін ширатып, бұлшық еттерді қатайтады, төзімділікке, батылдылыққа, ептілікке, керек кезінде тез ойланып, әдіс таба білуге машықтандырады. Қазақша күрес күш жетілдіретін спорт. Сонымен қатар ол қорғанудың ұлттық өнері («Самбо»). Қазақша күресте адам өзін еркін ұстап, өз бойындағы күшін, әдісін түгел пайдалана алады, мұнда шалу, жата тастау, арқалай тастау, қол байлап күресу, салмақпен басу, тіресу, ашадан алу, аяқтың басымен іліп тастау, жамбасқа алып иіре лақтыру, белінен қысып, тірсектен шалу сияқты әдістердің бәрін де қолдануға болады. Палуандар кілем үстінде; арнаулы жазық жерде, тегістегі қар үстінде белдесіп күресе береді. Ойынның ережесі бойынша қимыл үстінде адамға зақым келтіре күш жұмсауға, дөрекілік жасауға болмайды. Күрес бір жақтың талассыз жығылуымен және жауырыны жерге тигізілуімен аяқталады.

Күресетін палуандар жаңадан енгізілген ереже бойынша жасына қарай 3 топқа, салмағына қарай 8 категорияға бөлінеді. Күрес мерзімі ересектер үшін 10 минут, жас өспірімдер үшін 5 минут. Кейде жығылған адамды басып жатып, жауырынын жерге тигізу шарт емес. Бұл күрестің басты шарты — күшін, әдісін асырып, талассыз жығу. Кейде жыққан адам жығылған адамның басынан аттап «күш алу» деген байырғы жеңіс белгісі жасалады. Қазақша күрес аудандың, облыстық, республикалық спартакиадалардың программаларына кіргізілген, спорттық командалары бар ресми түрде жұрт таныган өнер.

Еркін күрес, диам. 9 м арнайы кілемде өтеді. 19 ғ-дың аяғында Англияда пайда болған. 1904 жылдан олимпиялық ойындар бағдарламасына енген. Қазақстанда еркін күрес жарыстары 1955 жылдан өтіп келеді. 1956 ж. өткен КСРО халықтары спартакиадасында Қ.Байдосов, Ж.Ысқақов жүлдеге ие болды. Еркін күрес, кілем үстінде әдіс қолдану еркін жасалынатындықтан осылайша аталған. Бұл дүниежүзі халықтарының күрес турлерінің әдістерін түгел қолдануға байланысты айтылады. Еркін күресте белдескен балуандар ұпай санымен немесе қарсыласының жауырын кілемге тигізіп, таза жеңіске жетеді. Оның тарихы көне замандарға кетеді. Ертедегі Мысырда, Вавилонда, Қытайда және Жапонияда еркін күрес болган. Алғаш рет еркін күрес 1904 ж. Олимпиялық ойындардың бағдарламасына енді. Мұнда кілемге небәрі 38 балуан шығып, жалпыкомандалық 1-орынға АҚШ-тың құрамасы ие болды. Еркін күрестен Еуропа чемпионаты 1928 ж., ал Әлем чемпионаты 1951 ж. бастап өтіп келеді. Еркін күрес салмақ дәрежелері жарыс басталар алдында оған қатынасушыларға жіберілген жарыстың тәртібінде көрсетіледі.

Қазақстандағы еркін күрес, республикалық чемпионаты 1951 ж. бастап өткізіліп келеді. Бұдан ең алғаш шыққан СШ-лері Ж.Сқақов, Қ.Байдосов, Қ.Қожанов және т.б. Алғашқы жылдары оның секцияларына барушылар аз болғандықтан грек-рим күресіне қатысушылар да еркін күрестен бақтарын сынап көрді. Кейін Ә.Айханов, А.Гапсатаров, А.Бұғыбаев, М.Қапанов, Ю.Курапаткин, И. Байрамуков сияқты балуандар халықаралық жарыстарда көзге түсті. Республиканың құрама командасы 2003 ж. Алматыда өткен Азия кубогы үшін жарыста жалпыкомандалық 1-ші орынды жеңіп алды.Еліміздегі еркін күрес тарихында аты алтын әріппен жазылған айшықты балуан, қазақ жастары арасынан тұңғыш рет Атланта Олимпиадасының қола жүлдегері, сонымен қатар, қандастарымыздың арасынан  Азия ойындарының  алғаш рет алтын жүлдесін жеңіп алған қазақтың даңқты балуаны Мәулен Сатымбайұлы Мамыровтың даңғыл жолы.Кең байтақ жерімізді сыртқы жаудан қорғауда қазақ батырларының жауынгерлік өнерді терең меңгергендіктері туралы бүгінде толассыз айтылып, жазылып келеді. Әрине, батыр бабаларымыздың жауынгерлік өнері жас ұрпаққа үлкен өнеге сабақ болса игі. Сол жауынгерлік өнердің ішінде жекпе-жек сайысына айрықша тоқталсақ. Ендеше, осы жаумен оңашада жекпе-жекке шыққанда күрес өнеріне сүйенетіні белгілі болған. Сол кезде қазақтың дала батырлары күрестің түрлі айла-тәсілдерін қолдана отырып, жауын тізерлеткен.

Біз бүгін сөз еткелі отырғанымыз да осы күрес өнері мен оның ішіндегі еркін күрес түрі.

Еркін күрес дегенде бірден ойымызға Қажымұқан атамыздан бастап, Әбілсейіт Айқанов, Амангелді Ғапсаттаров, Аманжол Бұғыбаев, Асқантай Иманқұлов, Рамазан Нұрманов, Мәлік Нәдірбеков, Жақсыжол Көрпебаевты және басқада айта берсең аттары таусылмайтын қазақтың апайтөс балуандарын бірден еске аларымыз анық. Осылардың көпшілігі кезінде КСРО аймағында өткен байрақты жарыстарда топ жарып, еліміздің атын шығарған біртуар балуандар. Шапшаңдықты, ептілікті, күштілікті, жан-жақтылықты талап ететін бұл күрес бізге ата-бабаларымыздан ұрпақтан ұрпаққа жалғасып жеткен жанымызға жақын күрес түрі деуге болатын шығар. Жоғарыда аттары аталған қазақтың айшықты балуандарының бірі бүгінде ортамызда жоқ болса, бірі  әлі де сол боз кілемді жағалап, әлі де сол бел шәкірттерін тәрбиелеп жүр. Өйткені, олар бар ғұмырын күреске арнаған абзал жандар. Айтулы ағаларымыздың тәрбиелеген шәкірттерінің арасынан Олимпиада асуын бағындырған балуандар да жоқ емес. Иә, өздері кезінде Кеңес үкіметінің солақай саясатының салдарынан әлем, Олимпиада жарыстарына бара алмай қалғанын біз жақсы білеміз. Дегенмен де, өздері шықпаған Олимпиада биігіне өздерінің төл шәкірттері жеткендеріне еркін күрес түрінің ардақты ардагерлері дән разы. Сонымен қатар, Ақиықтан шыққан ақиық балуан Мәулен Сатымбайұлы Мамыровтың есімі  ерекше аталары анық. Мәуленнен кейін, еркін күрестен елеулі үлес көрсеткен, еркін күрес түрінен Сидней Олимпиадасының күміс жүлдегері, Азия чемпионы Ислам Байрамуков пен Лондон Олимпиадасы мен Парижде өткен әлем чемпионатының қола жүлдегері, Азия чемпионы Ақжүрек Таңатаровты міндетті түрде айтуға болады.

Ал, енді Мәуленнің үлкен спорттағы өмір жолынан әңгімемізді бастайық. Мәулен Алматы облысы, Қаратал ауданы, Ақиық ауылында 1970 жылы 14 желтоқсанда дүниеге келеді. Әкесі Сатымбай Макейұлы Мамыров 1922 жылы 2 қазанда Алматы облысы, Нарынқол ауданы, Сарыжаз ауылында туған. Ал анасы Зейнеш Мақсұтқызы Мамырова 1936 жылы дүние есігін ашқан. Мәулен 1978 жылы Талдықорған облысы, Киров ауданы, Жетіжал ауылына отбасымен көшіп барып, осы  ауылда алғаш мектеп табалдырығын аттап, орта мектепті 6 сыныпқа дейін оқыған. Дарынды жас 1984 жылы Алматы қаласындағы Қ. Мұңайтпасов атындағы  республикалық спорт мектеп-интернатына келіп оқуға түседі. Бұл мектеп-интернатты аяқтағаннан кейін Олимпиадалық резервтер кәсіптік мектебінде білімін жалғастырып, оны 1990 жылы бітіреді. «Ұстазсыз шәкірт тұл» демекші, қандай адамға болмасын алғашқы білім берген ұстазы ыстық болары сөзсіз. Мәулен осы мектеп-интернатты аяқтап аттанып кеткенше, білім нәрін шәкіртінің бойына еге білген сынып жетекшісі, Қазақстан Білім беру ісінің үздігі, педагогика саласында «Ыбырай Алтынсарин» атындағы белгінің иегері, қазіргі таңда зейнеткер, құрметті ұстазы Айым Есенханқызы Мұратованы ешқашан ұмытпай, ыстық ықыласпен еске алып отырады екен. Бұл да ұстазға деген дарынды балуанның бір жақсы қыры болса керек. Мәуленнің енді жоғары оқу орнына  түсу арманы ой түбінен қылаң береді. Ол Талдықорған қаласындағы І. Жансүгіров атындағы университетке «Дене шынықтыру»  факультетіне түсіп, жоғары оқу орнын 1994 жылы аяқтап шығады. Мәуленнің еркін күрес түрінде жеткен жетістіктері туралы айтып тауысу аз уақытты алмайтыны анық. Өмірін күрессіз елестете алмайтын дара тұлғаның, енді  өмір жолындағы толағай табыстарымен сөзімізді жалғастырайық. Мысалы, КСРО чемпионы атанған Аманжол Бұғыбаевтай ардагер балуанның шәкірті, еркін күрестен халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Қазақстанға еңбек сіңірген спорт шебері Мәулен Мамыров (1990 –2002) жылдары Қазақстан чемпионатын 13 рет жеңіп, Олимпиада  ойындарында қола медалді алған еліміздің мақтанышына айналған біртуар балуанның бірі. Еркін күрестен 1988 жылдан бастап, байрақты жарыстарда алдына жан салмаған Мәуленнің аты қазақ спорт тарихында өшпестей болып із қалдырды десек болады. Ал енді рет-ретімен жеңісті жолына назар салсақ.

Басында салмағым аз болғандықтан екі жылдай үлкен  жарыстарға шыға алмадым. Екі жыл өткеннен кейін көрсеткіштерім басталды. Ең алғашқы жеңіс Алматыда Қазақ КСР-ның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Ахметжан Қазымбетовтың атында өткен республикалық жарыс болды. Осы турнирде топ жарған соң, мені Дағыстанның аты әйгілі балуандары шыққан Хасавюрт деген қаласында жасөспірімдер арасында КСРО белді балуандарының қатысуымен өтетін «Дружба» деген дүбірлі жарысқа алып барды. Сол кезде мен 38 кг салмақта күресіп, барлық қарсыластарымды айталық, 12:0 деген үлкен есеппен таза жеңіп шықтым.  Финалда жеңген қарсыласым әзірбайжан балуаны Намик Абдуллаев кейін, Аталанта Олимпидасының күміс жүлдегері, Сидней Олимпиадасында чемпион атанды. Осы турнирге екінші рет қатысып чемпион болғанда финалда украин Евгений  Буслович деген балуанды жеңгенмін. Ол болса, Сиднейде күміс медальға ие болды. Қысқасын айтқанда, сол «Дружба» жарысында жүлдеге қол жеткізген балуанның барлығы дерлік КСРО чемпиондары болып шығатын. Жалпы, айтулы турнирде  екі мәрте ұтқан қазақ жалғыз өзім болдым десем артық айтпаған болар едім.

Қатысты жаңалықтар

Жатақханалар, қонақ үйлер, хостелдер мен кемпингтердегі өрт қауіпсіздігінің негізгі ережелері

azatmedia

«Еңбек адамы» айдарының кейіпкері – Аббазова Мухаррам

azatmedia

КӘСІПОДАҚ МІНБЕРІ: еңбегімен еленген ардақты ұстаз

azatmedia