Жаңалықтар

АУЫЛ ӘКІМДЕРІНЕ СЕРТИФИКАТТАР ТАБЫСТАЛДЫ

Бүгін «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының төрағасы, Түркістан облыстық мәслихатындағы партиялық фракцияның жетекшісі Алтынсары Дүйсенбекұлы Үмбетәлиев «Қарызсыз қоғам» әлеуметтік жобасы бойынша білім-білігін жетілдірген ауыл әкімдеріне оқу курстарынан өткенін растайтын сертификаттар табыстау рәсіміне қатысты. Айта кету керек, аталған жоба шеңберінде Түркістан облысындағы ауылдық округ әкімдері азаматтарды қаржыны басқаруға үйретудің базалық қағидаттарын меңгеріп, тұрғындардың табысын арттырудың маңызды шарттарымен танысты, деп хабарлайды «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметіне сілтеме жасаған anyqtimes.kz ақпараттық агенттігі.

Аталған курстардың бірінші легінде 62 ауыл әкімі қаржылық бағалаудың негіздеріне үйренсе, тұрғындардың қаржылық сауаттылығын көтеруге арналған білім беру курстарының екінші легінде 65 ауылдық округ әкімі азаматтарды қаржылық тәуелсіздікке бастайтын қадамдарға үйретудің қыр-сырын меңгерді. Алдағы уақытта ауылдық округ әкімдері «Қарызсыз қоғам» жобасы бойынша оқу курстарынан өтетін ауыл тұрғындарын кеңінен тартуға жәрдем көрсететін болады.

Еліміздің әлеуметтік саясатымен үндесіп, қарапайым азаматтардың тұрмыстық ахуалын жақсартуға, отбасының берекесін арттыруға қызмет ететін «Қарызсыз қоғам» жобасы қоғамды шын мәніндегі ысырапшылдықтан арылтуға тәрбиелейді, ырыстың бастауы – үнемшілдік екенін мәністейді. Мемлекет басшысы басымдық етіп белгілеп отырған «Адал азамат» ұғымын орнықтыруға қызмет етеді. Әрбір отбасыны үнемшіл болуға баулып, қажетсіз шығынға ұрынбай берекелі күн кешуге жетелейді.Партиямыз бастамашыл болған жобаның түпкі мәні азаматтар арасында әділдік және жауапкершілік ұғымдарын орнықтыруға қызмет етеді. Бәріміз бірдей тең құқыққа ие болуымыз арқылы әділдік салтанат құрса, әркім өз ісіне, міндетіне, әрекетіне теңдей жауапкершілікті сезіну арқылы әлеуметтік теңдік принципі орнығады деп білеміз. Мемлекет, қоғам шын мұқтаж адамдарды қолдауға қашан да дайын екенін ұғындырып, ұлы өзгерістер ең әуелі қарапайым нәрселерден бастау алатынын түсіндіреді. Әрбір азаматқа отбасы берекесін ойлауға бағыт-бағдар береді.Түркістан жоғары көпсалалы аграрлық колледжінің базасында өткен үш күндік семинар барысында ауыл әкімдері оқу курсының білім бағыттарымен қатар, колледждің оқу-өндірістік базасымен де жақыннан танысты. Өңірге қажетті ауыл шаруашылығы мамандарын даярлайтын бірегей оқу орны агрономия, орман шаруашылығы, ветеринария, зоотехния, ауыл шаруашылығын механикаландыру, электрмен қамтамасыз ету мамандықтары бойынша орта арнаулы білімі бар кадрлар даярлайды. Мұндағы білім алушылар теориялық білімдерін колледж жанынан жасақталған жылыжай кешенінде, қарқынды ергежейлі алма бау, жүзімдік шаруашылықтарында, көкөніс дақылдарының егіс алқабында, орман ағаштарының тұқымбағында, көкөніс сақтау қоймасында, ауыл шаруашылығы техникаларының бокстары мен шеберханаларында, ветеринариялық клиникада, омарта шаруашылығында шыңдап, тәжірибе жүзіндегі білімдерін жетілдіреді.«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалы алға қойған межелері мен міндеттерін орындауда ауыл әкімдерімен ықпалдастық байланыстарды одан әрі арттыратын болады. Ауыл шаруашылығы саласындағы мамандар даярлау ісінде колледж ұжымымен де бірлескен іс-қимыл жүргізудің бағыт-бағдарларын белгілеп, ынтымақтастықты арттырудың жолдарын қарастырады.

Қатысты жаңалықтар

«ҚҰҚЫҚТЫҚ КӨМЕК» — ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНЫҢ ДАЙЫНДЫҒЫНА АРНАЛДЫ

azatmedia

ҚҰРЫЛЫС НЫСАНДАРЫНА БАҚЫЛАУ ЖҮРГІЗІЛДІ

azatmedia

ШЫМКЕНТТІК АРДАГЕРЛЕР САЙЛАУДА БЕЛСЕНДІ БОЛУҒА ШАҚЫРДЫ

azatmedia